Kyzylorda-news.kz «7 – сәуір дүниежүзілік денсаулық күні» аясында Сырдария аудандық ауруханасы ұжымының ұйымдастыруымен медицина саласы ардагерлерінің денсаулығын тексеру, сырқат белгілерін анықтау мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Айтулы күн шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара барысында талай жыл халық денссаулығын жақсартуда елеулі еңбек еткен ардагерлердің денсаулығын дәрігерлер жан-жақты тексерді. Өз кезегінде кардиолог, эндокринолог, офтальмолог секілді мамандарылған ақ халатты абзал жандар келушілердің шағымын тыңдап, бірнеше бағытта ем-шара тағайындады.
Сырқат белгілері анықталған ардагерлерге күтім жасау керектігі ескертілді. Арнайы уақыт белгілеп, дәрі-дәрмек қолданудың ежересі түсіндірілді. Қазыналы қарттардың денсаулығы ұдайы дәрігер бақылауында болады. Негізінен, «7 – сәуір дүниежүзілік денсаулық күні» аудан көлемінде кеңінен аталып өтілуде. Медицина мамандары сан түрлі іс-шара ұйымдастырып, халық денсаулығын жақсаруға қатысты жүйелі жұмыстар атқаруда. Бұл ретте, сала мамандары аудандық емханада арнайы флешмоб өткізіп, мерекеде емхана келушілеріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Қазіргі уақытта медицина саласы мамандарының қоғамдық іс-шараларға қатысуында айрықша белсенділік байқалады. Жергілікті халықты сырқатынан айықтырып қана қоймай, сала мамандары қоғамдық іс-шаралардың басы-қасынан табылуда.
Сонымен қатар айтулы күн аясында Сырдария аудандық ауруханасының мамандарының ұйымдастыруымен Сырдария аудандық ортаклықтандырылған кітапханада мектеп оқушыларына «Денсаулықтың төрт тұғыры» мен «Денсаулыққа пайдалы 5 кеңес» атты тақырыпта семинар-тренинг жүзеге асты. Дүниежүзілік денсаулық күні – денсаулыққа қамқорлық жасауға және түрлі аурулардың алдын алуға арналған күн. Оқушылар тарапынан семинар барысында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Ақпараттық танымдық материалдар таратылды. Оқушыларға қазіргі заманауи трендтегі жастарға тренинг өткізілді. Тақырыпқа сәйкес видеороликтар көрсетілді.
– «7 – сәуір дүниежүзілік денсаулық күні» шеңберінде аудандық аурухана ұжымы бірнеше іс-шара өткізген болатын. Сала мамандары орталық алаңда 200-ге тұрғынның денсаулығын тексерді. Сонымен қатар медицина саласының ардагерлерінің денсаулығы тексерген сала мамандары, сырқаты бар кісілерге диагноз қойды. Саламатты өмір салтын қалыптыру мапқсатында танымдық іс-шаралар жүзеге асты, – деді Cырдария аудандық ауруханасы бас дәрігердің бастапқы медициналық санитариялық көмек жөніндегі орынбасары Жанар Жұмабаева.
Фото: bolkazcr.kz