Kyzylorda-news.kz. Цифрлық технологияның тиімділігін көре бастаған көпшілік кез келген қызмет түрлерін электронды түрде іске асырады. Осы күні үйден шықпай-ақ, жұмыс өнімділігін ғаламтор арқылы жетілдіруге әбден болады. Бұл ретте, медицинген болатын. Медицинаның сапасын арттыру бағытында жүргізілген реформа халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Анығын айтқанда, қағазбастылықтан арылуға қадам жасаған медицина саласы әрбір адамның электронды денсаулық паспортын қалыптастыруға мүдделі болып табылады.
Медицина саласын цифрландыруға көшірілген жылдары «Даму» ақпараттық технологиялық орталығының дайындауымен «ДамуМед» мобильді қосымшасы іске қосылды. Осы күні «ДамуМед» мобильді қосымшасы еліміздің азаматтары үшін тоқтаусыз жұмыс жасап тұрғаны мәлім. Денсаулығында кінәраты бар әрбір тұрғын өз облысын таңдап, «Кіру» тетігі арқылы ұялы телефондағы ЖСН-ді тіркеп, смс-пен келетін құпия сөзді күту керек екен. Осы арқылы тіркелгеннен кейін «Рұқсат беру» батырмасы басқан жөн. Бұл ретте, ЖСН-нің көмегімен тұрғынның қай емханаға бекітілгені мен емдеу дәрігері автоматты түрде шығады. Аталған мобильді қосымшаның көмегімен бірнеше қызмет түріне қол жеткізуге болады.
Цифрландыру бағдарламасының игілігін көрген аудан медицинасы интернет платформасының қызметін мақсатты түрде жүзеге асыруда. Кезекті электронды басқару жүйесін енгізу мақсатында электронды терминалдар іске қосылғандығын айта кетейік. Тіркеу бөлімінің жұмысы модернизацияланып, цифрлы пост құрылған. Мәселен, аудандық емханада CALL-орталығы жұмыс істейді. Негізгі орталық дәрігерлер кабинетіндегі кезекті азайтуға мүмкіндік береді екен. Науқастың дәрігерлерге алдын ала жазылуын енгізу оның медициналық ұйымдарда өткізетін уақытын 1 сағаттан 15 минутқа дейін қысқартуға жағдай жасайды. Емделушілер электрондық жүйе арқылы емханаға тіркелген адам дәрігерге жазылып, қажетті кеңес ала алады. Сонымен қатар дәрігерлік қабылдауға телефон және интернет бойынша «Egov» электрондық үкімет порталы және «Дамумед» мобильді қосымшасына жазылу мүмкіндігі айқындалады.
«Бүгінде аудандық емхана мен аурухана мамандары «Кешенді медициналық ақпараттық жүйе» арқылы жұмыс жасайды. Жалпы, аудан бойынша аталған жүйеге 19 аймақтық және 27 мамандарылған дәрігер, 64 аймақтық медбике тіркелген. Шындығында, ауданның кез келген жерінен аймақтық дәрігерге тіркеліп, кезексіз кеңес алуға болады. Электронды жүйенің көмегіне 1 жыл көлемінде орта есеппен 225 400 адам жүгінсе, 1 күнде 920 науқас өз қажеттілігіне пайдалана алады. Бір жағынан «ДамуМед» мобильді қосымшасы тұрғындардың уақытын ұтымды пайдалануға, жеке жос-парын құруға септігін тигізеді», – дейді аудандық емхананың операторы Салтанат Қалданова.
Басы ауырып, балтыры сыздаған жергілікті халықтың баратын жері аудандық емхана мен аурухана екені даусыз. Дәрігер бақы-лауындағы науқастар, жалпы аудан халқы «ДамуМед» мобильді қосымшасының игілігін көруде деген ойдамыз.