Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының медицинасының даму қарқыны бәсеңдемейтіні рас. Себебі, медицина саласының жұмысын ілгерілету – маңызды рөл ойнайды. Жалпы, денсаулық сақтау саласын барынша жандандырып, тұрғындарға қолайлы ота қалыптастыруда өзекті. Бұл ретте, бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық емхана қызметкерлерімен кездесіп, дәрігерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдаған болатын.
Кездесу барысында ауданның бас дәрігері Жалғасбек Үсенов аудандық емхана бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан басшысы кездесуден кейін емхана жұмысымен танысып, күндізгі стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайын білді.
– Аудан медицинасына жергілікті халықтың көзқарасы ұдайы жақсы болуы үшін басшылық тарапынан жүйелі жоспар жасалуы керек. Науқастардың жағдайын жақсарту мақсатында заманауи аппараттар алу керектігін көпшілік айтып жүр. Әрине, медицина саласының мамандарының атқарар қызметі ауыр. Олардың күні-түні жасайтын жұмысын бағалауымыз керек. Себебі, кәсіби мамандар халықтың жағдайын тікелей бақылап, барынша ем-шара жасау күш салады. Бүгін аудандық емхананың базасын көріп шықтым. Дәрігерлер уақытылы көпшілікті қабылдау үстінде. Негізінен, медицина саласы ұдайы назарымызда болуы тиіс. Есепте тұратын науқастарға дәрі- дәрмекті уақытылы беру керектігін ескерген жөн. Сонымен бірге арушаңдық деңгейін темендетіп, жасы ұлғайған жандарға дәрігер бақылауы күйшелтілуі керек, – аудан басшысы.
Жалпы ауданда 110 төсектік аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және бір медициналық бекет халыққа қызмет көрсетеді. Биыл облыстық бюджеттен 182 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, Іңкәрдария, А.Тоқмағанбетов пен Қалжан ахун ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекет күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 405 млн теңгеге Нағи Ілиясов ауылында амбулатория құрылысы жүргізілмек.