Kyzylorda-news.kz. Халықтың денсаулығын жақсарту үшін нестеу керек? Иә, медицина мамандарының көкейінде осы сауал тұрғаны жөн. Қазіргі уақытта медицина мамандары көпшілік арасында бірнеше диагноз бойынша аурушаңдық анықталғанын алға тартады.
Мәселен, 2023 жылға қан айналым жүйесі ауруларын ерте сатысында анықтау мақсатында жоспарланған адам саны 3210, оның ішінде ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1022 (31,8%) адам тексеруден өтіп, 13 (1,3%) ауру анықталған. Барлығы диспансерлік есепке алынған. Қан айналым жүйесі ауруларының асқынуының алдын алу мақсатында аудандық емханада күнделікті қан қысымын бақылау құралы (СМАД) және ЭКГ-ні күнделік холтермонитерлеу «ХОЛТЕР», «Телеметрия» аппараттары жұмыс жасауда. Жүрек қан тамыр жүйесі ауруларына жоғары қауіп қатер тобына 830 адам анықталып, жоспарға сәйкес холтерлік мониторлеуден - 254, тредмилден – 7 науқас қамтылған. Ал «Глаукома» бойынша жоспарланған жалпы 4020 халықтың 1183-і қамтылған. Мүмкін болған мерзімде ауру анықталмаған. Сонымен бірге қант диабеті ауруын ерте сатысында анықтауға жоспарланған 3954 адамнан 1086 адам тексеруден өткен. Оның ішінде, 4 ауру анықталып, есепке алынды. Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында жүргізілетін скринингке жоспарланған әйел саны 1667 болып табылады. Қазіргі таңда аппарат іске қосылмауына байланысты скрининг басталмаған. Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша жоспар 1125 болса, оның ішінде 455 әйел тексеруден өткен, 25 ауру анықталып, 5 әйел диспансерлік есепке алынған. Тік және тоқ ішек қатерлі ісігі бойынша 2067 адам жоспарланып, 347 кісі тексеруден өтті. Нәтжесінде, 12 науқастық белгісі бар адам анықталған.
Қазіргі уақытта адамның күтіп, өз-өзіне қарауы маңызды рөл ойнайды. Біз қашанда денсаулықты ерте кезден ұғыну керектігін науқастарға айтып келеміз. Озық медицинаның көмегімен емделу жолдарын қарастыруға болады. Кез келген диагоноздың ерте сатысында анықтаған абзал. Сырқаттанған кезде дәрігерге уақытылы келген дұрыс. Себебі, әрбір науқастың сырқатын айықтыру үшін асқындырып алмаған жөн. Күнделікті берілген ем-шараны қолданып, айығуға бекінген жандар сырқатты женіп шығуға мүмкіндігі бар. Жоғарыда көрсетілген диагноздардың анықталуына байланысты науқасқа ем-шара қабылдаймыз. Тиісті медицина орталықтарға жолданған науқастар уақытылы ем алуға мүмкіндік алады. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтылып, науқасты айықтыруға барымызды саламыз, – дейді аймақтық дәрігер Мәншүк Қалдыбаева.
