Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіледі.
Бүгін 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай Сырдария аудандық ауруханасына қарасты Аманкелді дәрігерлік амбулаториясында дәрігер психитр, онколог, маммолог, кардиолог, уролог, хирург, ересектер және балалар невропатологы, акушер гинеколог мамандары ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетті.
Қабылдау барысында барлығы 282 пациент қабылдауға келіп, олардың барлығы дәрігерлер қабылдауында болды. Сонымен қатар 15 балаға аудиограмма аппараты арқылы есту қабілеттерін тексеру зерттеуі жүргізілді. Сондай-ақ бұл шарадан мүмкіндігі шектеулі жандарда шет қалмады. Дәрігерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып, үй жағдайында қабылдау ұйымдастырды.
Сонымен қатар, шараға жиналған тұрғындарға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, скринингтік тексеруден өту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттар берілді. Ауыл тұрғындары аудандық аурухананың игі бастамасына өз алғыстарын жеткізіп, алдағы істеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ мұндай мүмкіндік көптеп ұйымдастырылса деген ниеттерін жеткізді.

