Kyzylorda-news.kz Қызылорда медицина ұйымдары арасында жүйелі өткізіліп келе жатқан 57-ші спартакиада өз мәресіне жетті. Биылғы спартакиада медицина саласының ардагерлері Сағындық Шамшиевтің 80 жас, Абдулла Шүленбаевтың 75 жас мерей тойларына арналып, ұрпақтар сабақтастығымен салауатты өмір салтын насихаттаудың басты мақсаттары денебелсенділігін арттыру мен қимыл-қозғалыстың жақсаруы, тиімділігі. 

Сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы мен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен бір айға жуық спорттың 9 түрінен (шағын футбол, волейбол, арқан тарту, асық ату, бес асық, эстафета, ұзындыққа секіру, тоғызқұмалақ, үстел теннис) ойын түрлерінен тартысты жарыстар облыстық, қалалық, аудандық емдеу-алдын алу ұйымдары және жеке клиникалар мен орта оқу орындары (жоғары мед колледжі, «өркениет колледжі») арасында өткізілді. Барлығы шамамен 900- ге жуық қызметкерлер, жұмыскерлер өз мекемелерінің абыройы үшін тер төкті, тартысты ойын өрнектерін көрсетіп Саламатты өмір салтын кеңінен насихаттады.

Жалпы биылғы жылы елімізде Президенттің «Жұмысшы мамандықтар жылы», Ұлы жеңістің 80 жылдығы аясында жоспарланған. Жоспарлы іс-шараның ашылу салтанаты 5-мамыр күні «Локоматив» стадионында өтті. Ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.Искаков құттықтау сөз сөйлеп, спартакиаданың маңыздылығы ұрпақтар сабақтастығы, саламатты өмір салтын ұстану қағидалары, сала ардагерлері С.Шамшиев пен А.Шүленбаевтың мерейлі жастарында өңір халқына жасаған адал еңбектерін кейінгі жас мамандарға дәріптеу, ұлықтау және сала қызметкерлері арасында биыл 57-ші рет жүйелі өткізілгелі отырған спартакиаданың үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Өз кезегінде мерей той иелері әріптестеріне алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиал төрағасы Сәулебек Ысқақовтың айтуынша Ел Президентінің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, соған орай ауқымды іс-жоспар аясында емдеу алдын-алу мекемелеріндегі бастауыш ұйым жұмыскерлерін барынша жұмылдыру. Жылма-жыл спорт додасы кәсіподақ мүшелерінің қызу қолдауының арқасында ауқымы кеңейіп, қатысышу командалар саны аудандармен жеке клиникалардан да ұсыныстар түсіп, дами түскенін көріп отырмыз.

Сондай-ақ биыл Қазақстан кәсіподақтарының құрылғанына 120 жыл айтулы мерекесін басшылыққа алып, сонымен қатар ұлы жеңістің 80 жылдығы да сала қызметкерлері арасында талқыланып, кейінгі ұрпаққа кеңінен насихатталуда.

Бұл спартакиаданы өткізудің маңыздылығына медицина қызметкерлерімен жұмыскерлердің тек кәсіби салада ғана емес, спорттық шараларда да белсенділік танытып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша мұндай шаралар тек дене шынықтыруды ғана емес рухани сергектікті де арттырады, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттауды ұжымдық рухты нығайту және медицина жұмыскерлері арасында өзара байланысты күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Техникалық және төрешілік қызметтерді Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары қамтамасыз етті.

Жарысқа облыс көлеміндегі емдеу ұйымдарынан 27-і команда өтініш білдіріп, барлығы 900- ге жуық медицина қызметкерлері қатысты. Өз кезегінде қатысушы қызметкерлер кәсіби қызметтегі жауапкершілікті спорттық ойында шеберлікпен үйлестіріп, нағыз командалық рухпен тартысты қолдаудың үлгісін көрсете білді. Жеңімпаз командаларға жүлделі кубоктар, дипломдар, медальдар, ақшалай сыйлықтардың сертификаттары табысталды. Сондай-ақ үздік ойыншылар, ардагер ойыншыларда және белсенді қатысушы командаларда марапаттан құр қалған жоқ.

Медицина қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиадада тек жарыс қана емес, бір-бірімен тәжірибе алмасуға, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге, бей ресми жағдайда танысып-білісуге үлкен мүмкіндік берді.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай спартакиадалар ұжым ішіндегі бірлікті нығайтып, жұмыстан тыс ортада жаңа серпін береді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта дәстүрлі спаркиаданың мазмұнын кеңейтуге ойын ережелеріне өзгерту енгізуге және ұлттық спорт түрлерін насихаттау бағытында жұмыстар жасап, медицина қызметкерлері арасында саламатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жалғасын таба бермек.

Тағы да оқыңыз: