Kyzylorda-news.kz. Аймақта коронавирус инфекциясымен тіркелгендердің саны 3285-ке жетті. Соңғы аптада облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 дерегі анықталды. Оның ішінде, аурудың жоғары көрсеткіші 20 жастан 69 жас аралығындағы азаматтар арасында жиі тіркелуде.

“Жүргізілген талдауларға сәйкес коронавирус инфекциясы бойынша барлық тіркелген жағдайдың 69-ы сырттан тасымалданған, қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар саны –1301, скрининг арқылы анықталғандар – 1915 құрайды. Бұл әлі де болса жастардың ойын-сауық басқосуларының жалғасып, карантин режиміне қарамастан үлкен кісілердің ас беру, үй жағдайында той, беташар өткізу секілді көпшілік іс-шараларына баруы тыйылмай отырғандығын көрсетеді”,-деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова.

Карантиндік шаралардың сақталуы мониторингтік топтың күнделікті бақылауында. Халыққа қызмет көрсету орындарында карантиндік талап қатаң сақталуы тиіс. Олай болмаған жағдайда нысан әкімшілігі жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалайды.

Тағы да оқыңыз: