Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары тақырыбында жиын өтті. 

Жиынды Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов ашып, жүргізді. Сондай-ақ, жиынға арнайы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахымов қатысты. 

Алғаш болып сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов облыста денсаулық саласында ауқымды істер атқарылып жатқанын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтар болсақ, Шиелі ауданындағы ауданаралық аурухананы көп бейінде ауруханаға айналдырып, барлық қажетті құрал-жабдықтар орнату жоспарланғанын айтты.

 «Сондай-ақ, жылдың соңына дейін Шиелі ауданаралық аруханасына компютерлік томограф аппаратын орнатамыз», – деді Жангелді Шайымбетов. 

Ал, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахымов Шиелі ауданының халқын міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту қарқынды жүргізіліп жатқандығын, 2022 жылғы қаңтардағы сақтандырылмағандар саны - 11 мың 978 болса, ал қараша айындағы сақтандырылмағандар саны – 11 мың 562-ге дейін кемігенін айтты. Осы бағытта ауылдық округ әкімдеріне түсіндірме жұмыстарын көбейту тапсырылды.

316689057_1447855639078224_133409226216190200_n.jpg

Тағы да оқыңыз: