Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданындағы М.Шоқай атындағы орталық алаңда «Денсаулық» фестивалі өтті. 

Дені сау адам – қоғамның байлығы. Сол үшін де әрбір жанның салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Сондай-ақ, жыл сайын адам жанының тыныштығын қамтамасыз етуге түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – игі дәстүрге айналған «Денсаулық фестивалі». 

«Денсаулық Фестивалі» 1997 жылдан басталып аталып өтіп келеді. Фестиваль  аясында «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды. 

Денсаулық қалашығының құрамында кардиолог, невропатолог, лор, хирург, эндокринолог, гинеколог мамандары  тұрғындарға тегін қызмет көрсетті. Сондай-ақ, тұрғындар флюоро, УЗИ, ЭКГ, глюкометр аппараты тегін диагностикалық  тексерулерден өтті.  

Медициналық сақтандыруға қарамастан барлық медициналық тексеру тегін жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: