Қызылордада қауіпті дерттен жазылған науқастар саны 110-ға жетті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада қауіпті дерттен жазылған науқастар саны 110-ға жетті

27.04.2020, 17:05

864 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 110 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары.

27 сәуір 17:05-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 2 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Олар – Сырдария және Шиелі аудандарынан.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 110 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.