Kyzylorda-news.kz. Соңғы тәуліктегі мәлімет бойынша облыста 11 науқас коронавирус инфекциясынан толық жазылған. Айығып шыққандардың 3 қала тұрғыны, 6 адам Шиелі ауданынан, қалған 3 тұрғын Жаңақорған ауданынының азаматтары.

Өткен тәулікте облыс көлемінде коронавирус инфекциясымен еш науқасы тіркелмеген. Зертханаларға 809 сынама тапсырылып, 540 сынамадан инфекция анықталмаған. Қалған 269 сынама бойынша мамандар жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда облыс зертханаларында 19 881тест бар. Пандемия басталғалы бері аймақ тұрғындарынан 121 370 сынама алынған.
Бүгінде инфекциялық стационарда – 18 науқас, облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 2 науқас ем қабылдауда.

Тағы да оқыңыз: