Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен бүгінгі күнге дейін барлығы 3345 адам тіркелді. Оның 98,4 пайызы (3287) жазылды. Әрбір анықталған науқастардың эпидемиологиялық ортасы есепке алынып, күнделікті саралануда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Мемлекет басшысының індеттің жаппай таралуының алдын-алуға қатысты тапсырмаларына сәйкес, облыс әкімінің бақылауымен арнайы іс-шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

“Бүгінгі күні барлығы 210 инфекциялық төсек-орын жұмыс істеуде. Оның ішінде реанимациялық 38 төсек-орын. Қазіргі таңда облыс бойынша реанимация бөлімінде ем қабылдап жатқан науқас жоқ. Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау мақсатында 30 карантиндік төсек орындары бар”, – дейді басқарма басшысы.

Ахуал күрделеген жағдайда, облыста барлығы қала және аудандарды қосқанда 3200 төсек-орын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жалпы құны 6,3 млрд теңгені құрайтын модульдік аурухана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуге жақын.

Тағы да оқыңыз: