Kyzylorda-news.kz. Соңғы аптадағы көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 21 сәуірінен бастап «қызыл» аймаққа ауысты.

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы бойынша COVID-19 инфекциясының 4890 дерегі есепке алынды. Жыл басынан бері 1498 жағдай анықталса, соның басым көпшілігі сәуір айының 20 күнінде тіркеліп отыр-846 дерек.

Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 47 жаңа жағдайы тіркелді. Аймақтар кесімінде:
Қызылорда қаласы-22
Шиелі ауданы-1
Қазалы ауданы-9
Жаңақорған ауданы-7
Қармақшы ауданы-7,
Сырдария ауданы-1.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 Қаулысына сәйкес шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) 5 күн ішінде жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз: