Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 200 орындық тез тұрғызылатын модульдік аурухананың құрылысы жүруде. Жоба құны 6 миллиард 700 миллион теңгені құрайды. Іргетасы монолиттен, шатыры сэндвич панельден, сыртқы қабырғалары зауытта жасалған блоктан салынуда.

«Қызметкерлерге арналған үй-жай, әкімшілік және диагностика бөлімі, санитарлық өткізу аймақтары болады. Жалпы, 56 екі орындық палата, 16 үш орындық палата, 6 бір орындық және 7 екі орындық бокс, қарқынды терапия бөлімшесінде 20 төсек қамтылған», – деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Прімбетов.

Сондай-ақ, қаланың Сол жағалауында «100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік көпсалалы аурухана», «Отбасылық медициналық орталық», «300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты», «Салтанат сарайы», көгалды хоккей алаңы, «Облыстық қазақ музыкалық-драма театры», «Облыстық қан орталығы» секілді ғимараттар салынатын болады.

Тағы да оқыңыз: