Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 577, ал симптомсыз – 277 тұрғынға жетті. Ал індеттен айығып шыққандар саны – 499. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Симптомды жаңа 17 жағдайдың 15-і скринингтен болса, 2-еуі індет жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 29 дерегі тіркелді. Оның 8-і скринингтен, , 14-і ақылы сынама тапсырғаннан, 7-і қарым-қатынастан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 6430 азамат анықталды. Оның ішінде, 4030-ы тікелей қарым-қатынаста, 2400-і жанама байланыста болған.

Тағы да оқыңыз: