Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 24 адамға жетті.
19 сәуір 12:20-дағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 24 адамға жетіп отыр.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.