Қызылорда облысында медицина саласының 375 қызметкері үстемақы алды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысында медицина саласының 375 қызметкері үстемақы алды

13.04.2020, 9:20

1577 2

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарманың хабарлауынша, 1 тәуекел тобына (20 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 850 мың теңге) жататын инфекциялық стационардағы дәрігерлер – 9, орташа медициналық қызметкер –14, кіші медициналық қызметкер – 12 (Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, Жаңақорған ауданаралық ауруханасы).

Ал, 2 тәуекел тобына (10 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 425 мың теңге) жататын провизорлық стационардағы дәрігерлер – 24, орташа медициналық қызметкер – 95, кіші медициналық қызметкер – 42 (Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған ауданаралық ауруханалар, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы).

Сондай-ақ, 3 тәуекел тобына (5 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 212,5 мың теңге) жататын карантинды стационардағы дәрігер – 15, орташа медициналық қызметкер – 64, кіші медициналық қызметкер – 72 , жедел жәрдем жүргізушісі – 28 (Қазалы,  Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханалар, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы).

Үстеме ақы қызметкерлердің наурыз айында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен нақты жұмыс жасаған уақытына сай есептеледі.