Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 137 адамға жетті.

3 мамыр 13:30-дағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 10 науқас қауіпті індеттен жазылып шыққан. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының тұрғындары.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 137 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: