Kyzylorda-news.kz. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір – тамыз айларында COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу және инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге өңірге 291,7 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, осы кезеңде эпидемияға қарсы шараларға тартылған медициналық немесе медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне 1 555,4 млн. теңгеден астам үстемеақы қарастырылған. Жалпы, Қызылорда облысына қатерлі індетпен күреске шамамен 2 млрд. теңге бөлінді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы індетпен күрес жүргізетін медицина қызметкерлерін қолдау міндетін жүктеді. Үкімет қазақстандық дәрігерлер үшін төлем мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін қарастырылған.

Қауіптілігі аса жоғары – жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жалақының ең төменгi мөлшерi – 850 мың теңге).

Қауіптілігі жоғары – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.

Қауіптілігі орташа – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. Үстемеақы 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңгені құрайды.

Тағы да оқыңыз: