Kyzylorda-news.kz. Облыста өткен жылы коронавирустан айыққан 151 адамға оңалту орталығына жолдама берілді. Яғни, ағзаны қайта қалпына келтіру үшін. Қаржысы МӘМС жүйесі арқылы төленді. Биыл қор бұл бағытқа қаржыны 37 есеге ұлғайтып, медициналық оңалту көмегіне 2,2 млрд. теңге бөлді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыс бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

«Былтыр аймақтың медициналық ұйымдары 1,41 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерін көрсетті. Сондай-ақ, қордан індетпен күресте аянбай еңбек еткен 16 мың медицина қызметкеріне үстемақы берілді. 19 мың адам провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарда емделді. Оларға да қордан қаржы бөлінді», – деді Бақыт Торғайбайұлы.

Бүгінде аймақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 648,5 мың азамат тіркелді. Яғни, облыс тұрғындарынан 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 14,7 млрд. теңге қаржы түскен. Оның 11,8 млрд.теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, ал қалған 2,9 млрд.теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Тағы да оқыңыз: