Kyzylorda-news.kz.  Биыл облыста туберкулезге шалдығу көрсеткіші 3,9 пайызды құрап, аурушаңдық деңгейі 100 мың адамға шаққанда 13,3 пайызды құрады. Ал балалар арасында туберкулезге шалдығу көрсеткіші 38,2 пайызға төмендеген. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Әбдіғабит Әбләзім хабарлады.

«Жыл басынан бері туберкулездің эпидемиологиялық жағдайында өсу көрсеткіші байқалады. Дәлірек айтқанда, облыста туберкулезге шалдыққан 140 науқас тіркелді. Сондай-ақ, қайталап ауырғандар саны 29 адамға ұлғайды. Туберкулез таяқшасы ауа арқылы таралып, 85 пайыз тыныс алу ағзаларын зақымдайды. Әсіресе екі жыл қатарынан коронавирус инфекциясы халықтың иммундық жүйесі төмендеуіне әкелді. Осыған сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары алдағы 2-3 жылда туберкулездің аурушандығы 10-15 пайызға өсетіндігін айтады», -деді бас дәрігер Әбдіғабит Әбләзім.

Айта кетейік, облыс бойынша емдеу мекемелерінде 39 флюоро қондырғылары бар. Барлық флюоро қондырғалардың 80% соңғы үлгідегі сандық жүйемен жабдықталған

Тағы да оқыңыз: