[Kyzylorda-news.kz.](http://Халықтың әлеуметтік осал топтары мемлекет есебінен, МӘМС аясында медициналық көмек ала алады.Сіз үйден шықпай-ақ, жарнадан босатылған 15 санаттарға жататын болсаңыз, Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда), немесе емханаға келіп 1 ғимараттың 125 кабинетінде жауапты маман кеңесі арқылы жолдауға мүмкіндік жасалған. Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз. · Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеп, орнатыңыз; · Жүйеге тіркеліңіз: электрондық пошта мекенжайын, тегін, атын және байланыс телефонын енгізу; · Тіркеліп, жүйеге кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «Бізге жазыңыз» түймесін басыңыз; · «Өтініш құру»нысанында «Кеңес алу» санатын таңдаңыз; · Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз; · «Өтініш мәтіні»өрісінде жеңілдік санатын және ЖСН көрсетуді ұмытпаңыз; · Растайтын құжаттың фотосыннемесе сканерленген түрін тіркеңіз. «Файл тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз; · «Өтінішті жіберу» түймесін басыңыз; Құжат дұрыс толтырылған жағдайда, «Өтініш сәтті құрылды! Терезені жабу үшін басыңыз» жазбалары шығады. Барлық талаптар дұрыс орындалған жағдайда, 30 минут ішінде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз жаңартылады.) Халықтың әлеуметтік осал топтары мемлекет есебінен, МӘМС аясында медициналық көмек ала алады. Сіз үйден шықпай-ақ, жарнадан босатылған 15 санаттарға жататын болсаңыз, Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда), немесе емханаға келіп 1 ғимараттың 125 кабинетінде жауапты маман кеңесі арқылы жолдауға мүмкіндік жасалған.

Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз.

· Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеп, орнатыңыз;

· Жүйеге тіркеліңіз: электрондық пошта мекенжайын, тегін, атын және байланыс телефонын енгізу;
· Тіркеліп, жүйеге кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «Бізге жазыңыз» түймесін басыңыз;

· «Өтініш құру»нысанында «Кеңес алу» санатын таңдаңыз;

· Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;

· «Өтініш мәтіні»өрісінде жеңілдік санатын және ЖСН көрсетуді ұмытпаңыз;

· Растайтын құжаттың фотосыннемесе сканерленген түрін тіркеңіз. «Файл тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;

· «Өтінішті жіберу» түймесін басыңыз;

Құжат дұрыс толтырылған жағдайда, «Өтініш сәтті құрылды! Терезені жабу үшін басыңыз» жазбалары шығады. Барлық талаптар дұрыс орындалған жағдайда, 30 минут ішінде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз жаңартылады.

Тағы да оқыңыз: