Kyzylorda-news.kz. Елдегі балалар мен жасөспірімдердің 38% ғана күн сайын жеміс жейді, 43% – көкөніс жеп жүр. Осындай жағдайға жеткенімізді ҚР БҒМ мен ҚР ДСМ-нің қолдауымен Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жүргізген зерттеу көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық орталықтың жастар мен балалар денсаулығын күшейту бөлімінің басшысы Ақбота Әбілдинаның айтуынша, 15 жасқа қарай жасөспірімдер арасында жемісті күн сайын жеу 33%-ға дейін азаяды.

Оның есесіне балалар күн сайын зиянды тамақтар жейді.

Сауалнама көрсеткендей, балалардың 60% күн сайын кола сияқты қанты көп сусын ішеді.

Зерттеу анықтағандай, көптеген мектеп оқушылары таңғы ас ішпейді.

Жеке бас тазалығына келсек, оқушылардың 49% ғана күніне екі рет тіс тазалайды, қыз балалардың 54%, ұл балалардың 45% пайызы жиі жуынып жүр.

Тағы да оқыңыз: