Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан тоқтауы мүмкін? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан тоқтауы мүмкін?

19.03.2020, 10:00

255 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі коронавирус инфекциясының таралуы қашан төмендейтінін айтты.

Елжан Біртанов «Еуразия» бірінші арнасының эфирінде елдегі коронавирус бойынша қазіргі эпиджағдай туралы айтып берді.

Журналистер ел тұрғындарына вирустың таралу динамикасының төмендеуін қашан күтуге болатынын сұрады. Біртанов бұл сұраққа нақты жауап жоқ екенін айтты.

Бірақ басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, ол карантин Оңтүстік Корея мен ҚХР сияқты 2-3 аптаға созылатынын айтты.

Министрдің айтуынша, Еуропада да оң динамиканы байқауға болады. Оның айтуынша, 3-3,5 апта ішінде жағдай тұрақтала бастады.

Біртановтың пікірінше, дәл осы карантиндік шаралар жағдайды тұрақтандыруға көмектесті.

0

Пікір қалдыру