Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының прокуратурасымен қадағалау аймағында еңбек заңнамасының жай-күйіне талдау жүргізілді.
«Нәтижесімен Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасымен 331 қызметкерге тиесілі 21,5 млн. теңге көтермелеу қаражатын (медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент) 2023 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына төленбей, конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілгендігі анықталды», - делінген Жаңақорған ауданы прокуратурасының хабарламасында.