Kyzylorda-news.kz Қазіргі хирургияда гибридті аз инвазивті емдеу әдістері жиі қолданылады. Отаның бұл түрі облыстық онкологиялық орталықта қолданылады. Осы және басқа да оталар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) аясында қолжетімді.
Қармақшы ауданының тұрғыны Ридван Сәбитовтің өңешіндегі қатерлі ісік ерте сатысында анықталды. Облыстық онкологиялық орталықта 60 жастағы науқасқа гибридті аз инвазивті ота жасалды. Бұл лапароскопиялық және эндоскопиялық әдістердің құрамасы. Отаның бұл түрі ауруханада болу уақытын айтарлықтай қысқартады және бұрынғы өмір салтына тезірек оралады.
«Отадан үш күнөткен соң аяғыма тұрдым.Қазір емделіп жатырмын. Барлық процедуралар мен тексерулерден тегін өтемін.Дер кезінде скринингтен, медициналық тексеруден өтуге шақырамын. Мен тамақ пен сусындарды жұту қиын болған кезде алаңдадым. Дереу дәрігерлерге бардым, шұғыл ота жасады»,- дейдіРидван Сәбитов.
Дәрігерлер атап өткендей, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға да қолжетімді скринингтік тексерулер мен жылжымалы медициналық кешендердің жұмысының арқасында онкологиялық ауруларды анықтау айтарлықтай өсті.
Егер 2023 жылы 1300-ге жуық бастапқы онкологиялық науқас тіркелсе, 2024 жылы облыста олардың саны 2 мыңға дейін өсті. Облыс онкологиялық орталықтың диспансерлік есебінде 5 889 адам тұр.
«ҚР бөлінісінде облыста кең таралған қатерлі ісіктердің бірі – өңеш қатерлі ісігі. Аймақта бұл диагнозбен 198 адам есепте тұрса, оның ішінде 79 науқастың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші бар. Аз инвазивті отаның кезінде біз ісік пен онымен бірге өңештің бір бөлігін алып тастаймыз, содан кейін асқазанды өңештің қалған бөлігіне дейін созамыз. ТМККК аясында емдеу, сәулелік жәнехимиотерапия, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін», - дедіоблыстық онкологиялық орталық директорыныңорынбасары Айболат Смағұлов.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныңҚызылорда облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша, 2024 жылыөңір тұрғындарынаТМККК аясында жалпы сомасы 60,8 млрдтеңгеге 1 млн. астам медициналыққызмет көрсетілді.