Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов онокологияға шалдыққан науқастарды емдеуге жыл сайын қанша қаражат бөлінетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда онкологияға шалдыққан науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алады. Оған жыл сайын шамамен 36 млрд теңге қаражат бөлінеді», - деп жауап берген Азамат Дүйсенов.

Сонымен қатар қатерлі ісікке шалдыққандарды емдеу жағдайын жақсарту мақсатында Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы әзірленген.

Мәлім болғандай, алдағы 4 жылда мына бағыттарды дамыту көзделген:

- халыққа онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру;

- инфрақұрылымды жетілдіру;

- ел халқына онкологиялық көмек көрсету сапасын арттыру;

- кадрлық әлеуетті дамыту;

- онкологиялық көмекті цифрландыру;

- онкологиялық ғылымды дамыту.

Қоса кетсек, Қазақстанда онкологиямен ауыратын 210 мыңнан астам адам есепте тұр. Оның ішінде 2021 жылдан бастап 12 848 науқасқа ота жасалған.

Тағы да оқыңыз: