Kyzylorda-news.kz  Емханаға келген әрбір тұрғынға жылы шырай танытып қарсы алатын Шолпан Омар көпшілік арасында мінезінің жайдарлылығымен танылған. Кіндік қаны Тереңөзек топырығына тамғанымен, оның балалық шағы, студенттік кезеңі Атырау қаласында өрбіді.

Атырау қаласындағы медициналық колледжді тәмамдаған Шолпан Сматқызының еңбек жолы Сырдария аудандық ауруханасының «Хирургия» бөлімшесінде бастау алады. Сонымен қатар тәжірибелі маман 1994-1997 жылдар аралығында «Айгөлек» балабақшасында жұмыс жасаған. Ал 15 жылдан бері аяулы жан аудандық емхананың «Тіркеу» бөлімшесінде мақтаулы маман ретінде жастарға жол көрсетуде.

– Медицина саласында әрбір жұмыстың жауапкершілігі жоғары. Біз күнделікті емханаға келушіні арнайы базаға тіркеп, дәрігерге жол нұсқаймыз. Электронды жүйені күнделікті меңгере түсіп, цифрландыру бағдарламасына ден қоямыз. Базалық жүйенің бөге-шүгесіне қанығып, емханаға келушіге сапалы қызмет ұсынамыз. Көбіне аймақтық дәрігерлердің қабылдау кестесіне сай, жергілікті тұрғындар диагнозы бойынша тексеріліп жатады, – дейді өз ісінің білгірі.

Ардақты ана үйдегі отағасы Бақтыбай Ілиясовпен бірге 3 перзент, 6 немеренің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

Тағы да оқыңыз: