Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда өткен тәулікте 181 адамнан коронавирус табылды, 17 адам ковидтік пневмонияға шалдықты.
1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 806 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 547 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 2 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
