Kyzylorda-news.kz. Білікті кадр – қай саланың да қарыштауының алғышарты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас дәрігері ауысқалы жақсы жаңалықтар қатары артып келеді. Сала басшысы алдымен Қызылорда облысының штаттан тыс бас мамандарын жеке қабылдап, мәселелерді тыңдады. Осыған орай, қазіргі таңда тұрғындардың арыз-шағымын азайту және оның алдын алу мақсатында тұрғындардың медициналық көмекке қанағаттану деңгейін арттыру, хирургия саласын және нефрологиялық қызметін дамыту бойынша жол карталары әзірленуде.

Әкім қолдауы – дамуға жолдау

2022 жылы атқарылған жұмыстар мен 2023 жылға алға қойған мақсаттарды талқылау барысында барлық медицина ұйымдарының бас дәрігерлерін жеке қабылдап, тыңдады. Тыңдаулар нәтижесінде Қызылорда облысы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру мақсатында 2023-2028 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары әзірленуде.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмекті талдау мақсатында «B.B.NURA» және «DIAVERUM» амбулаторлы гемодиализ орталықтарының басшылары, мемлекеттік органдар және МӘМСҚ КЕАҚ филиалы өкілдірімен бірге аталған орталықтар тарапынан бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға медициналық көмек сапасын жақсарту және анықталған кемшіліктерді жоюға 1 шілдеге дейін уақыт берілді. 

Облыстағы бүйрегі ауыстырылған тұрғындар қанындағы такролимус концентрациясын анықтау мақсатында «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-нда такролимус концентрациясын анықтайтын аппаратқа реагент және «Орталық қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-на иммунохимиялық анализатор аппаратын сатып алу жұмыстарын үйлестіріп, ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында аталған қондырғы іске қосылатын болады.

Алматы және Жамбыл облыстарындағы (Еңбекші қазақ және Мерке аудандарында) үздік практика орталықтарының тәжірибесін енгізу мақсатында Шиелі ауданаралық ауруханасы және №6 қалалық емханасы мамандарын тәжірибе алмасу және озық тәжірибені тиімді енгізу үшін мамыр айында облыс мамандарын жолдау министрлікпен пысықталды. 

Республикалық және жергілікті бюджеттен алынатын медициналық құрал жабдықтардың тізімі қайта қаралып, аймақ басшысы айқындаған даму бағыттарына сәйкес қайта өзектендірілді. 

Облыс әкімінің қолдауымен:
1. облыстық перинаталдық орталығының жүктемесін азайту мақсатында көпбейінді облыстық ауруханасының жанынан 70 төсектік перинаталдық орталығы;
2. 150 төсекке арналған көпбейінді қалалық балалар ауруханасы;
3. Қызылорда қаласында 0-3 жас аралығындағы балдарға ерте араласу орталығы;
4. Арал ауданынан балаларға арналған ауданаралық оңалту орталығын құру жоспарланып отыр.

Бүгінгі күнге дейін тар буынды дәрігер мамандарды дайындауға облыс әкімінің 20 гранты бөлінсе, биыл 30 грант бөлініп, облысқа аса қажетті мамандар тізімі жасақталды. 

Ана мен бала денсаулығын қорғау басты мақсатымыз екенін ескеріп, 2023 жылға біліктілікті арттыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен дәрігерлерге 18 тақырып, орта буын қызметкерлеріне 22 тақырып бойынша оқыту жоспарланды. 

Медицинаның бағыты сан түрлі. Мәселен, бір ғана айда Н.Д.Батпенов атындағы травматология ғылыми орталығының жоғары санатты травматолог ортопед дәрігері облыс тұрындарына күрделі 8 ота жасаса (оның ішінде 3–і бала), облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында ҚР ДСМ-нің бас балалар ревматологі Мукушева Зәуре Серикпаевна «Балалар жасындағы аутоиммунды патологияны ерте диагностикалау» тақырыбында ЖТД, ревматолог, педиатр мамандарына семинар өткізіліп, 46 науқасқа кеңес берілумен қатар, 4 балаға буынішілік глюкокортикоидттардың енгізілу тәжірибесін көрсетті. 

ҚР ДСМ-нің бас неонатальды хирургы Асылжан Абубакирович «Туабітті өт шығару жолдарының даму ақауы», «Туабітті асқазан ішек жолдарының даму ақауы» тақырыптарында мастер класс өткізген. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Осы орайда барлық республикалық орталықтарға басқармамен тиісті сұраныс хаттары жіберілген.

Сәуір айындағы кезекті сессия отырысында орфанды сирек кездесетін ауру түрлерімен сырқаттанатын облыс тұрғындарына жергілікті бюджеттен қосымша 100 млн теңгеге қаражат бөлінді. Одан бөлек басқармамен «Қазақстан Халқына» қорынан 34 млн. теңгеге 3 науқасты керекті «Цинрайз», «Рисдиплам» препараттармен қамтамасыз ету үшін сұраныс беріліп, қолдау тапты. Басқарма басшысының жеке қабылдауында 59 азаматтың мәселесі қаралса, соның ішінде 58 жеке тұлғадан, 1 заңды тұлғадан  өтініш келіп түсті. Осы өтініштердің 37-сі оң шешімін тауып, 12-сі заң аясында түсіндірілген.

Ауданда медициналық қызмет қаншалықты жолға қойылған?

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлының медициналық ұйымдар жұмысымен танысу сапары Қазалы ауданында жалғасты. Аймақтың бас дәрігері алдымен «Бозкөл» дәрігерлік амбулаториясын араласа, одан әрі «Абай», «Шипагер» дәрігерлік амбулаториясы, «Жетес би» емханасы, жедел жәрдем стансасы, Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасы, жаңа емхана жұмысымен және Қазалы теміржол ауруханасы, «DIAVERUM» гемодиализ орталығының жұмысымен танысып, медицина қызметкерлерімен пікірлесті. 

Медицина мекемелері жұмысымен танысқан өңір бас дәрігері халыққа әрдайым сапалы әрі медициналық қызмет көрсету басты мақсат екендігін айта келе, көңіл аударатын тұстарға тиісті тапсырмаларын беріп өтті. 

Басқарма басшысы сонымен қатар, тұрғындар ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында халық арасында қоғамдық қабылдау өткізді. Онда тұрғындар медициналық кеңестерге жүгінді. Өз кезегінде Олжас Ермекұлы айтылған өтініштердің шешу жолдарын қарастырып, тұшымды мағлұматтар беріп өтті.

Кездесу соңында қоғамдық қабылдауға келгендер қатары аймақтың бас дәрігеріне ризашылықтарын білдіріп тарқасты. 

Аталған саладағы тың серпілістер санға да, сапаға да қатар әсер етуде. Облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту және сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейін жоғарылату мақсатында өңірде 18 аурухана мен 26 амбулаториялық емхана жұмыс істейді. Ал ауыл тұрғындарын қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталықтарында 9 аурухана мен аудандық емхана, 100 дәрігерлік амбулатория, 24 фельдшерлік акушерлік мекеме, 97 медициналық бекет қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, аса ауыр жағдайдағы науқастарға берілетін тегін медициналық жолдама саны да жыл сайын артып келеді. Бұл квота автоматтандырылған түрде тағайындалып, әрі қарай азаматтарды емдеуге дейінгі бақылауды жіберген медициналық ұйым жүзеге асырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов мәлімдеді.

«Егер науқас шұғыл көмекті қажет ететін болса дәрігерге дейінгі тексеруден өтіп, қажет болған жағдайда стационарлық емге жедел түрде жіберіледі. Ал науқас белгілі бір шағымдармен немесе созылмалы аурулардың асқыну жағдайында аймақтық дәрігерге жүгінетін болса лезде диагностикалық және емдеу әдістерінің клиникалық хаттамаларына сәйкес, медициналық жолдама тағайындалады. Керек жағдайда тар буынды мамандар кеңесіне жолданып, олардың ұсыныстарымен ем-дом қабылданады. Ал егер емделушінің тексеріс қорытындыларынан нәтиже болмаған жағдайда аймақтық дәрігер науқастың диагнозын нақтылау мақсатында республиклық деңгейдегі стационарларға жолдайды. Науқасты жоспарлы емдеуге жатқызу үшін өзі қалаған денсаулық сақтау ұйымы туралы ескеріледі. Жалпы емделуші жолдама арқылы тегін медициналық көмектің алдында 10 күн бұрын толық тексерістен өткізіледі», – деді басқарма басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы. 

Брифинг барысында облыстық және қалалық көп бейінді аурухананың дәрігер мамандары аталмыш ұйымның атқарған жалпы жұмыстарына тоқталып өтті.

– Көпбейінді облыстық аурухана аймақ тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Біздің ауруханада 525 тәуліктік төсек-орынмен қамтылған. Сондай-ақ, орталықта 200-ден астам білікті мамандар жедел түрде жеткізілген науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Біздің мекемеде жалпы хирургия, урология, терапия, кардиология, нейрохирургия және т.б бөлімдер жұмыс істейді. Бұдан бөлек, біздің дәрігер мамандар өз білімдерін жетілдіріп отыруы үшін алыс-жақын шет елдерге барып, біліктілігін жоғарылатып отырады. Қазіргі таңда біз заманауи медицналық әдіс-тәсілдер арқылы омыртқа жотасына ота жасауды жоспарлап отырмыз, – деді көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұриддин Амитов.

– Көпбейінді қалалық аурухана 4 мыңнан астам тұрғынды жедел және жоспарлы көмек көрсетуге қауқарлы. Оның ішінде 205 тәуліктік стационар және көп функцияналды 30 төсек-орын қамтылған. Бұдан бөлек, 24 ақылы бөлім бар. Қазіргі таңда ауруханамызда кардиология, терапия, гинекология, және т.б бөлімдер қала тұрғындарына қызмет етеді. 

Сондай-ақ, біздің орталықта хирургиялық күрделі оталар жасалып, жоғары сапалы медициналық көмектер көрсетіліп келеді. Алдағы уақытта орталығымызда лор бөлімшесін ашуды жоспарлап отырмыз, – деді көпбейінді қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Қадырбек Алипов.

Тағы да оқыңыз: