Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану жолында көмек көрсететін облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жастар денсаулығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау және психологиялық көмек көрсету. Бүгінде орталық мамандары аймақтағы 294 мектеп, 17 колледж, 2 университетке кураторлық жасап, ақпараттық-насихаттық іс-шаралар өткізіп келеді. Орталықта алғашқы бір жылдықта, яғни 2016 жылы 12 171 адам қамтылған болса, өткен жылы 53 922 адамға жетті. Яғни бұл көрсеткіш облыстағы 167 739 жасөспірімдер мен жастардың 32,1 процентін құрайды. Бұл туралы қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кезінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Айгүл Төлегенова баяндады.
Облыстық жастар денсаулығы орталығы жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бағытында 2024 жылдың 3 айында халық көп шоғырланған орындарда нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2 акция өткізіп, 57 адам қамтыған. Ал өткен жылы барлығы 98 іс-шара, 4476 адам қамтылған. Оның ішінде 1854 адам қатысқан 54 семинар-тренинг, 58 адамға 5 дөңгелек үстел, 378 адамды қамтыған 4 ашық есік күні, 193 адаммен 6 таңғы жаттығулар, 98 адамның қатысуымен 5 асфальтқа, плакатқа сурет салу, 156 адам қатысқан 6 спорттық сайыс, 52 адаммен 4 флешмоб, 1671 адам қатысқан 13 акция, 16 адамның қатысуымен 1 отбасылық сайыс өткізілген. Акцияда ақпараттық-танымдық материалдар таратылып, есірткі, темекінің тағы басқа зиянды әдеттердің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, қала көлеміндегі Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі, аграрлық-техникалық колледжі, музыкалық колледжі, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Құрылыс және бизнес колледжі, Текей батыр Қарпықұлы атындағы арнаулы білім беру және Қорқыт ата атындағы университеті, Ақмешіт институты жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен 9 іс-шара өткізіліп, 234 адам қатыстырылған.
Сондай-ақ қаладағы білім ошақтарындағы оқушылардың қатысумен де түрлі танымдық шаралар өткізілген. Оның ішінде қала көлеміндегі №212, №3, №173, №43, №222, №8, №136, №211, №7, №138, №189, №176 орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында «Зиянды әдеттерден-алыс жүр!», «Есірткіге жол жоқ!», «Нашақорлықтың зияны», «Есірткісіз әлем!» тақырыптарында 12 семинар-тренингтер ұйымдастырылып, 288 адам қамтылған.
Орталықтың басшысының орынбасары 2024 жылдың I тоқсанында барлығы 37 алдын алу іс-шаралары өткізіліп (2023 жылы - 33), 1480 жастар мен жасөспірімдер қамтылғанын айтады. Бұл көрсеткші былтыр 1153 адамды құраған.
– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан әлемдегі суицид деңгейі ең жоғары елдердің қатарына кіреді. 2023 жылдың көрсеткіші бойынша еліміз 19 орында тұр. Ағымдағы жылдың 3 айында жасөспірімдер мен жастар (10-29 жас аралығы) арасында өз-өзіне қол салуға ұмтылған 20 адам болса, 4 қайғылы жағдай орын алған. Былтыр өз-өзіне қол жұмсамақ болған 17 жасқа дер кезіндегі көмек көрсетілген. Бүгінде Қызылорда облысы суицид жасаудан республика бойынша – 14 орында.
Ұмтылыс жасаған барлық жасөспірімдер мен жастарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша емхана психологтары тәуекел тобына есепке алып, коррекциялық жұмыс жасалуда, олар бақылауға алынған. Облыстық жастар денсаулығы орталығы «Әлеуметтік-психологиялық кеңес беру бөлімінің психолог мамандары суицидтің алдын алу бағытында ағымдағы жылда 58 іс-шара атқарды. Оның ішінде: №215, №285, №15 мектеп-лицей, №278 мектеп-лицей, №211, №8, №253, №271, №120, №7 мектеп-интернаты, №171, №189, №261, №217 мектеп-лицей, №280, №212, №187, №222, №189, №101, №179, №138, №7, №257, №112, №211 қала мектептері және «Болашақ жоғары медициналық колледжі», «Текей батыр атындағы колледж», «М. Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі», «Жас жеткіншектерді бейімдеу орталығы арасында «Психикалық саулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру», «Зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу», «Буллинг, кибербуллинг», «Белсенді өмір сүреміз», «Мен өмірге құштармын», «Репродуктивті денсаулық» тақырыптарында орталық мамандарымен кездесулер, дәрістер және семинар- тренингтер өткізілді. Жалпы қамтылғандар саны 1910 (2023жылы 1815). №23, №212, №179 орта мектептептерде, №7 мектеп-интернаты, С. Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде ата-аналармен кездесулер өтілді, қамтылған адам саны 225. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы мен зиянды әдеттердің зардаптары бойынша тақырыптық ақпараттардың жастар денсаулығын сақтаудағы өзектілігін ескере отырып, жыныстық жолмен жұғатын аурулардан сақтану, репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте жыныстық қарым-қатынас, ерте жүктілік, түсік және тағы да басқа тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен облыс жастарының танымдық деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп отыр, – деді сала маманы есеп беру жиынында.