Kyzylorda-news.kz "Денсаулық – зор байлық" деп бекер айтылмаса керек-ті. Адамға табиғаттың берген ең ұлы құныдылығы әрине денсаулық екені мәлім. Осыдан 140 жыл бұрын пайда болған туберкулез ауруы адамның басты инфекциялық жауы. Қазіргі таңда жұқпалы дертке байланысты көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Апта ағымында облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Нұрлан Әмiр Сырдария ауданына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында аудандық аурухананың материалдық базасымен танысып, сала мамандарымен пікір алмасқан болатын. Өз кезегінде аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсенов медицина саласының маңызды бөлігі – туберкулез дертімен күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Аурухананың «Фтизиатрия» бөлімшесінің қызметкерлерімен кездескен Нұрлан Әмірұлы науқастардың жағдайын саралап, күнделікті жүзеге асып жатқан жұмыстарға көңіл бөлді. Алдағы уақытта облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандарымен тығыз байланыс орнатып, науқастардың жағдайын ұдайы бақылауда ұстау керектігін айтты.
Кездесу соңында есепті мерзімде атқарылатын жұмыстар жан-жақты пысықталды.