Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов Талсуат елді мекенінде орналасқан «UMC» корпоративтік қорының Қызылорда облыстық филиалына барды.

Кездесуде филиал басшысы Гүлдана Айтымбетова облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен аймақтың бас дәрігері Олжас Ысқақовқа «UMC» корпоративтік қорының Қызылорда облыстық филиалының атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Сондай-ақ, Гүлдана Мейірбекқызы өзі басқарып отырған мекеме жайын баяндай отырып, шешімін таппай жүрген мәселелерін де айтып өтті. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы орталық жұмысымен мұқият танысып, мәселелердің шешімін табуына ықпал жасайтындықтарын жеткізді.

Сонымен қатар, Нұрымбет Аманұлы тарапынан орталық қызметкерлеріне әрбір науқастың жағдайы ескерусіз қалдырмау керектігі айтылып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Одан соң Нұрымбет Аманұлы емделуші бала Нұрқанат Төлепбергеннің «Тұсаукесер» рәсіміне қатысып, салт дәстүр бойынша тұсауын кесті.

Тағы да оқыңыз: