Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов 14 наурыз - Көрісу күніне орай, көпбейінді облыстық ауруханадағы науқас жандардың жағдайымен танысып, мерекемен құттықтады. 

Аймақ басшысының орынбасары емделушілерге жылы лебізін білдірді.

«Өздеріңізге белгілі, бұл күн қыс мезгілінен аман-есен шығып, адамзат баласының бір-бірімен қауышатын күні. Көрісу - жаңа жыл, жаңа өмір, жана күн. Яғни, халық көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Ендеше әулеттің көпті көрген үлкеніне амандық-саулық тілеп, ізеттілікті дəріптейтін, алыстағы туған-туыспен көрісіп, татулыққа бастайтын халқымыздың ежелден келе жатқан мерекесі əр шаңыраққа құт-береке əкелсін», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Одан соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жангелді Мырзагелдіұлы мен медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханұлы аурухана мұражайымен қатар кардиохирургия, эндоваскулярлы хирургия, хирургия №1 бөлімше жұмыстарымен таныстырды.

Ауруханада ішіндегі кардиохирургия бөлімі 20 төсек орынға арналған. Қазіргі таңда мұнда 26 науқас ем алуда. Ал эндоваскулярлы хирургия бөлімінде екі ангиограф орнатылған. Жылына 4 мыңнан аса ота жасалады. 

Хирургия №1 бөлімшесі 25 төсек орынға арналған, оның ішінде бет жақ хирургиясына 5 төсек орын бөлінген. Қазіргі таңда 19 науқас ем алуда.

Көпбейінді облыстық ауруханасында 525 тәуліктік төсек орын қызмет көрсетеді. Оның 170-і хирургиялық, 105-і кардиология, 45 орын инсульттік, 95 орын реабилитациялық, 110-ы терапиялық бейінді. Сонымен қатар 115 төсек орындық күндізгі стационар жыл бойына халыққа медициналық көмек көрсетуде.   

2021 жылы 30 төсек орындық хирургиялық және терапиялық салаға арналған ақылы бөлім ашылды. Одан бөлек 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап «Короновирусты инфекция» індетін жұқтырған соматикалық патологиясы бар науқастарға арналған инфекциялық бөлімше қызмет атқарады. Өткен жылы аталған бөлімшенің төсек орын саны эпидахуалға байланысты 5 төсек орыннан 30 төсек орынға дейін өзгеріп отырды. Жылдың аяғында 5 төсек-орын қызмет атқарды. Жалпы ауруханада 675 төсек орын бар.

Көпбейінді облыстық аурухана өңірдегі үшінші деңгейдегі стационарлық көмек көрсететін жалғыз ұйым. Дәрігерлердің 80 пайыздан астамы мен орта медицина қызметкерлерінің 60 пайызының біліктілік санаттары, 74 қызметкердің денсаулық сақтау үздігі, 2 дәрігердің медицина ғылымдарының кандидаты атағы бар. Аурухананың медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталуы 95,78 пайызды құрайды. 

Былтырғы жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 19 534, күндізгі стационарда 5386 науқас ем қабылдады. Жалпы хирургия, жүрекке ашық ота жасау, эндоваскулярлық кардиохирургия, қан тамырлары хирургиясы, офтальмологиялық хирургия, травматология және ортопедия, гинекология, урология, нейрохирургия, жақ-бет хирургиясы және оториноларингология салаларында барлығы 10 мыңнан аса ота жасалады.

335413830_1377575222784224_4644081344303019889_n.jpg

335417762_595100979145488_1530145755962950294_n.jpg335386009_5951660164928111_3526351908947396910_n.jpg336187586_233140335832094_6642610852314130493_n (1).jpg335414478_744437987265160_4972670136303253952_n.jpg

Тағы да оқыңыз: