Kyzylorda-news.kz. 2022 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы 612,5 лмн. теңге қаржыға Нағи Ілиясов ауылындағы көшелерді қайта жаңғырту жұмыстары атқарылған болатын. Соның нәтижесінде 10767 метр тротуар, 3981 метр аяқ су лотоктары салынды. Соынмен бірге 3679 метр жол орташа жөндеуден өткізілді. 2645 метр көше жарығы орнатылып, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақыттарда қаржы мүмкіндігіне қарай кезең кезеңмен осындай жұмыстар жалғасын табатын болады.

2023 жылдың І тоқсанында, яғни наурыз айынан бастап елді мекенді газдандыру жұмыстарының ЖСҚ жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары атқарылуда. Алдағы уақытта Нағи Ілиясов ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруге мүдделі. Алдағы уақытта газадандыру мәселесі толықтай қолға алынса,  құба-құп.

Өз кезегінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында да ауыл тұрғындарына түрлі несиелер алуларына жағдай жасалып, тиісті көмектер көрсетілетін болады. 2023 жылдың қаңтар айында жеке кәсіпкерлер 4 жоба бойынша жалпы көлемі 12,3 млн. теңге несие алып, жұмыстарын жүргізуде.  Жалпы, Нағи Ілиясов ауылында кәсіпкерлік саласы қарқын ала бастады. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында  29 жоба, өзге де мемлекетттік бағдарламар шеңберінде 24 жоба, аграрлық саланы қаржыландыру бойынша  13 жоба дайындалған. Биыл көлемінде орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар жалғасып, мал шаруашылығы бағытында тағы 6 жобаның құжаттары рәсімделетін болады.

Нағи Ілиясов ауылының әкімі Сағдат Нұрмағанбетовтің тікелей бастамасымен жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бағытында 40 жұмыссыз тұрғын ақылы негіздегі қоғамдық жұмысқа тартылып, елді мекеннің тазалығын қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының өз-өздерін ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында  осы кезден бастап «Мағжан и К» ЖШС-гінің демеушілігімен жалпы көлемі 25 гектар бау-бақша егетін жерлерді дайындау жұмыстары атқырылып келеді. Ауылдағы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебіне құны 270,0 млн. теңге болатын күрделі жөндеу және құны 404,0 млн. теңге болатын ауылдық дәрігерлік емхана ғимаратын салу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
 

Тағы да оқыңыз: