Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Қаратаев мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жайлы айтып берді.

Қазіргі таңда мүгедектігі бар адамды рабилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі «Әлеуметтік қызметтер порталы» жүйесі арқылы қамтамасыз етілуде.      

2024 жылдың 1 сәуіріне мүгедектігі бар адамдардың өтініштеріне сәйкес осы аталған құралдармен қамтуға электронды үкімет веб-порталы және мемлекеттік корпорация арқылы 732 өтініш түсіп, оның 595-і қамтылды, қалған 137-і орындалу сатысында тұрғандар. Бұл ретте, жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 81,3 пайызды құрады. Оңалту іс-шараларының түрі бойынша қамтылғандар – 595 адам. Атап айтқанда протездік-ортопедиялық құралдармен – 18, сурдотехникалық құралдармен – 5, тифлотехникалық құралдармен – 21, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло арбалар) – 14, санаторийлік-курорттық емдеумен – 3, жеке көмекшінің қызметімен – 120, ымдау тілі маманының қызметімен – 12, міндетті гигиеналық құралдармен – 402 адам қамтылды. Сонымен бірге, медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылғандар "Талсуат" оңалту орталығына – 20, психоневрологиялық интернат үйіне орналасқаны – 1 адам.        

 2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды оңалту іс-шараларымен қамтуға бөлінген қаржы туралы:

Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметіне жергілікті бюджеттен 2024 жылға 72 балаға 9344,0 мың теңге қаралды. Төлем жасау тоқсанына бір рет оқу жылы кезеңіне жүргізіледі. 2024 жылдың I-тоқсаны үшін 79 балаға 2602,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

Аудандық мәслихаттың шешімі негізінде төленетін төлемдер бойынша өмірлік қиын жағдайдағы қатерлі ісік, оның ішінде жедел лимфоидты және миелоидты лейкоз ауруымен диспансерлік есепте тұрған 5 адамға 1643,9 мың теңге қаралған, 1 сәуірге 420,9 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

Мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен және техникалық оңалту құралдарының кеңейтілген тізбесімен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен барлығы 55876,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 46165,0 мың теңге, барлығы 102041,0 мың теңге қаралған. 1 сәуірге республикалық бюджеттен 11165,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 7166,5 мың теңге, барлығы 18331,5 мың теңге игерілді.  

Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманы қызметін ұсынуға республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 5275,0 мың теңге қаралған. Есепті кезеңге ымдау тілінің 1 маманы 12 мүгедектігі бар адамдарға қызмет ұсынып жергілікті бюджеттен 1395,6 мың теңге игерілді.

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға қызмет ұсынатын 120 жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеуге жергілікті бюджеттен 149507,0 мың теңге, республикалық бюджеттен жеке көмекшілердің еңбекақысын арттыруға 39834,0 мың теңге қаралған. 1 сәуірге 119 жеке көмекшіге 27500,0 мың теңге төленді.

 Санаторийлік-курорттық емделу бойынша қызмет алушылар порталдан өздері таңдаған шипажайларға барып емделудің қаржысы облыстық басқармадан төленеді (1 адамға жылына 1 рет 14 күнге қызмет құны- 302648,92 тг). Ал мүгедектігі бар балаларға кепілдік берілген соманың 70 пайызы, яғни 211854,24 теңге облыстық басқарма арқылы төленсе, қалған 30 пайызы 90794,68 теңге баланың жанында ілесіп жүрушінің өз есебінен төленуге жатады. 1 сәуірге 3 адам санаторийлік-курортқа барып келді, ал 63 адам алдағы мамыр-қыркүйек айларының аралығында баратындықтан «Әлеуметтік қызметтер порталында» таңдау жасап орындарға тапсырыс беріп қойды.        

Мүгедектігі бар адамдарды автокөлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған «Инватакси» қызметіне 2024 жылға жергілікті бюджеттен 7200,0 мың теңге бөлінген. 1 сәуірге 688,4 мың теңге игерілді. Аудан көлеміндегі жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы көз мүгедектері, кресло-арбадағылар және мүгедектігі бар балаларға белгіленген пункттер мен тізбеге сәйкес 2 автокөлікпен қызмет көрсетілуде. Қазіргі таңда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес конкурс аяқталу сатысында тұр. Нәтижесімен жеңімпаз өнім берушімен қызмет көрсету жалғасын табатын болады.

 Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес өткізілген конкурс нәтижесінде мүгедектігі бар адамдардың іс-шарасын ұйымдастыруда жеңімпаз болып танылған «Сырдария» қоғамдық қорымен 4 наурыз күні 2410,7 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалды. Наурыз айында кент және елді мекендер бойынша аз қамтылған мүгедектігі бар 30 адамға әлеуметтік қолдау көрсетіліп азық-түлік себеті таратылды. Игерілген қаржы 246,7 мың теңге.    

 «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарлмасын орындаудағы Жол картасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 2024 жылы 8 объектіге толық бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аудан әкімінің 25.05.2023 жылғы №124-ө өкімімен құрылған жұмысшы топпен тиісті жұмыстар жүргізіліп, республикалық «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» толық бейімделген объектілерді мерзімінде енгізуге жұмыс жасалуда.

 «Қызылорда облысының 2024 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №235 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны 50 адамнан асатын және одан жоғары  жұмыс берушілерге екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 6 мекемеде 11 жұмыс орны бекітілді. Есепті кезеңде 3 квота орындалды. «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 1, «Мағжан және К» ЖШС-не – 1, аудандық ауруханаға – 1.

Тағы да оқыңыз: