Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында 75%-ға жуық күйік жарақатымен қатты күйіктен зардап шеккен, аса ауыр жағдайдағы екі бала шұғыл түрде Алматы қаласының Балалар және шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілген болатын. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook әлеуметтік парақшасында балалардың үйіне шығарылғанын жеткізді.

–  Қызылорда облысында газ жарылған кезде зардап шеккен екі жасөспірім бүгін Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығынан үйлеріне шығарылды. Олар 42 күн бойына біліктілігі жоғары дәрігерлердің бақылауымен үздіксіз ем алды, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Денесін қатты күйік шалған науқастарға терісін ауыстыруға дейін ота жасалды, әзірге бәрі қиындықсыз өтуде, трансплантаттар толық бітісіп кетті. Тағы екі жасөспірім толық емделіп кетуі үшін стационарда қалдырылды. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Олар да кезең кезеңімен аутодермопластикадан өтуі керек. Стационарға өте ауыр жағдайда жеткізілген балалардың өмірін сақтап қалу біздің балалар дәрігерлерінің жоғары деңгейдегі кәсібилігі мен жанкешті еңбегінің арқасында мүмкін болды, – деді А.Әлназарова.

Тағы да оқыңыз: