Kyzylorda-news.kz Сырдария аудандық ауруханасында «12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні» шеңберінде «Менің мамандығым – менің мақтанышым» тақырыбында «Үздік мейіргер – 2024» аудандық байқауы өткізілді. Негізінен, сайыс 3 кезеңнен тұрды.

Сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында жүзеге асырылған сайыста мейіргерлер алғашқы кезеңде өздерін таныстырды. Сондай-ақ екінші кезеңде портфолио бойынша бағалау жұмысы жүргізілді. Ал үшінші кезеңде оларға арнайы медицина саласықатысты жан-жақты сауал қойылып, тапсырмалар жүктелді.

Сайыста «Жан сақтау» бөлімшесінің медағасы Абылай Сәбитов, «Қабылдау бөлімшесінің медбикесі Гүлжан Исмалова, «Терапия» бөлімшесінің медбикесі Таңшолпан Байтүгілова, «Оңалту және паллиативтік көмек» бөлімшесінің мебдикесі Әйгерім Майрашова, «Жалпы тәжірибелік» бөлімнің медбикесі Айдана Жақсылықова, «Профилактика» бөлімшесінің медбикесі Алтынай Ибрагим, «Жұқпалы аурулар» бөлімшесінің медбикесі Ақмарал Мырзабекова бақ сынады. Олардың кәсіби біліктілігіне бас дәрігердің БМСК жөніндегі орынбасары Жанар Жұмабаева, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Еркін Жаңабайұлы, эпидемиолог-дәрігер Гүлзат Баджанова, акушер-гинеколог Маралхан Ноғайбекова, бас мейіргер Райса Анасова, мейірбике ісінің сарапшысы Нұргүл Мұхамеджан төрелік етті.

Әділ қазылар шешімімен жүлделі І орынды Абылай Сәбитов, ІІ орынды Әйгерім Майрашова, ІІІ орынды Айдана Жақсылықова еншіледі. Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов сала мамандарын марапаттап, бағалы сыйлықтар тапсырды.

Тағы да оқыңыз: