Kyzylorda-news.kz. «Ақсауле-Мед» клиникасында пациенттерді аяғына тұрғызады. Мұнда кардиологиялық, неврологиялық, лор аурулары бар науқастарды медициналық оңалтуға және емдеуге барлық жағдай жасалған. «Ақсәуле-Мед» клиникасының бас дәрігері Біржан Мұқашев біздің тілшімізге берген сұхбатында медициналық орталықтың жұмысы мен менеджменті туралы айтып берді.

Біржан Сейітжанұлы, медициналық орталық қашан және қандай мақсатта құрылды?

Клиника өз жұмысын 2015 жылы бастады. Өңірде танымал отоларинголог Алмат Байнаев «Ақсауле — Мед» ЖШС және қала маңындағы Тасбөгет кентінде лор-кабинет ашады. Тәжірибелі маманның көмегіне тек қызылордалықтар ғана емес, басқа аймақтардың тұрғындары да жүгінді. Әрі қарай Алмат Айтуарұлы иглотерапевт, массажист мамандарын жұмысқа шақырады. Пациенттердің ауқымы кеңейеді. Содан кейін кәсіпкер Бақтияр Әбдірамановпен бірлесіп Саяхат шағын ауданында «Ақсауле — Мед» клиникасын құрады.
2020 жылдың 1 маусымында медициналық орталық ресми түрде ашылды, ал 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызмет көрсетушісі. Сәйкесінше, мұнда бүкіл Сыр елінен пациенттер жіберіледі. Пандемия кезінде науқастардың саны айтарлықтай өсті, - деп еске алады Біржан Сейітжанұлы. Қиындықтарға қарамастан, жаңа жас ұжым алға қойылған міндеттерді орындады.

Медициналық орталық қандай қызметтерді ұсынады, кәсіби мамандар жеткілікті ме?

Клиникада лор, неврологиялық, кардиологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу, сонымен қатар үшінші кезеңдегі медициналық оңалту жүргізіледі. Мұнда инсульттан, түрлі жарақаттардан кейін науқастар оналту емін алады. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 60, күндізгі стационарда — 15 төсек-орын бар.
Клиникада 38 адам жұмыс істейді, оның 8-і жергілікті дәрігерлер. Кардиолог Айгүл Қасымжан, реабилитолог-невропатолог Фархат Байзақова, терапевт — реабилитолог Жансая Амангелді, невропатологтар Әсел Құлтаева және Айнұр Бауыржанқызы, лор дәрігер Бекболат Құрақбаев сияқты мамандар. Клиниканың бас дәрігері Біржан Мұқашев балалар хирургі, әскери дәрігер болып жұмыс істеді, Апаттар медицинасы орталығының филиалын басқарды, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы филиалы басшысының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша «СК-Фармация» өкілдігінің басшысы болып қызмет атқарды.
Сондай-ақ, медициналық орталықта басқа аймақтардың мамандары кеңес береді және емдейді. Бұл елордалық балалар ортопеді, медицина ғылымдарының кандидаты Болат Досанов, Шымкент қаласынан проктолог Айдос Нұрымбетов лазермен оталарды жасайды.

Біржан Сейітжанұлы, емделген жағдайлардың мысалдарын келтірсеңіз
Клиниканың басты бағыты - медициналық оңалту. Қалпына келтіру емін жүргізгенде кинезитерапия әдісі, проприоцептивтік жүйке-бұлшықеттік жеңілдету (PNF) қолданылады. Бұл созылу рефлекстерін тежеу ​​арқылы бұлшықет релаксациясына ықпал етеді.
Инсульт немесе ауыр жарақат алған науқастарды отыруға, тұруға, жүруге үйретеміз, дейді бас дәрігер. Ол үшін түрлі оңалту аппараттары қарастырылған. «Экзарта» кинезиотерапиялық қондырғы жұмыс істемейтін бұлшықеттерді анықтауға және белсендендіруге мүмкіндік береді. «Артромот» тренажерлері тізе, жамбас буындарының қызметін ауыртпалықсыз қалпына келтіруге көмектеседі. Вертикализатор жүру дағдыларын қалпына келтіруге бағытталған. Сондай-ақ, логопед, психолог пациенттермен жұмыс істейді.
Нәтиже айқын. Инсульттан кейін 54 жастағы Кеңес Рамазанов клиникаға жатқан күйінде түсті. Оңалту емінен өтіп, 15 күннің ішінде пациент аяғына тұрғызылды, дейді бас дәрігер. Мұндай нәтежелер көп.

Медициналық қызметтер қол жетімді ме?
Тәулік бойы стационарда 10 күндік емдеу курсының орташа құны шамамен 200-300 мың теңгені құрайды, 15 күндік оңалту - жарты миллионға жуық. 
Сақтандырылған пациенттерге медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. 2023 жылы «Ақсауле — Мед» клиникасының пациенттерін емдеуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 185 млн. теңге бөлінді. 2023 жылдың басынан бері мыңға жуық емделген жағдайлар бар.
Клиникада емделу үшін барлық сынақтар мен жергілікті дәрігердің негізделген жолдамасы қажет. Медициналық рәсімдер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен емдеу хаттамаларына сәйкес тағайындалады.

Сұхбатыңызға рақмет!

Тағы да оқыңыз: