Kyzylorda-news.kz Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ, қазіргі заманда адам ағзасына тиер залал да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық фактордың әсері осы таңда айтпаса да, көзге түскен сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық. Денсаулық – табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде, кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе, жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың спортпен айналысудың маңызы зор. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп, шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де, өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық– бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал, біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы әріден басталады. Жиырмасыншы ғасырдың басында, яғни, 1904 жылы Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ашылады. Онда ең әуелі, фельдшер және акушер жұмыс істеген. Бір жылдан соң, Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты Қазалы уезінде теміржол ауруханасы іске қосылды. Осы жылы амбулатория бес орындық болып қайта құрылды. Басында үйіндегі ауруларды фельдшер маманы ат арбамен аралап, медициналық қызмет көрсетті. 1917 жылы теміржол ауруханасы қырық төсектік орынға көбейтіліп, бұл сол кездің өзінде теміржол жұмысшыларының денсаулығына көп көңіл бөлінгенін көрсетеді. Ал, екінші дүниежүзілік соғысы кезінде теміржол ауруханасы госпитальге айналған. Мұнда әртүрлі жарақатпен түскен солдаттарды қабылдап ем жасаған. Осылайша, аурухана Ұлы Отан cоғысындағы жеңіске өз үлесін қосқан. Теміржол ауруханасындағы төсек саны 1970 жылы 220-ға дейін көбейтілді. Ғасырдан астам тарихы бар теміржол ауруханасы заманына сай атауын өзгертіп отырған. 2000 жылдың 17 қаңтарынан бастап, «Көліктік медицина қызметі» ААҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы, 2005 жылдың 25 мамырынан бастап, қайтадан тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» акционерлік қоғамы Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болды. 2010 жылдың 12 қаңтарынан бастап, «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта ұйымдастырылды. Ал, 2017 жылдың 20 қыркүйегінен бастап, «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта құрылған болатын. 2018 жылдың 12 сәуірінен бастап, «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып өзгертілді. 2020 жылдың 26 қарашадан №1/31 сатып алу-сату шарты негізінде жарлық капиталы 100 процент құрайтын «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік қатысу үлесін (бұдан әрі – Қатысу үлесі) жеке тұлға Құбыл Ршымбетов сатып алды.
Теміржол ауруханасы Қазалы ауданының тіркелген халқына, Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарында тұратын теміржолшыларға, олардың отбасыларына, теміржолшы зейнеткерлерге көпсалалы мамандандырылған, алғашқы медико-санитариалық, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді. Аурухананың жаңа үлгiдегi ғимараты 1994 жылдан бастап, жұмыс істеп келеді. Аурухана аумағына енетін жер телiмiнiң ауданы – 5137,3 шаршы метр құрайды. Сонымен қатар, 3 қосалқы корпус (дәрiхана, ас бөлiмі, кiр жуатын үй және басқалары) барлық санитарлық талаптарға және нормаларға сәйкес жабдықталған.
Жалпы, аурухана кешені үш қабатты ғимаратта орналасқан. Жоспарлы түрде аурухана 150 кереуетке есептелген. Аурухана құрылымында консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету үшін бір ауысымда 350-400 адамды қабылдауға арналған теміржол емханасы жұмыс істеп тұр. Консультациялық-диагностикалық бөлімде – 3 терапиялық, 5 педиатриялық, 7 жалпы тәжірибелік дәрігер қызмет етеді. Емханаға қарасты жеті медициналық бекетте – 7 фельдшер жұмыс істейді. Әйтеке би кентінде орналасқан №5 кварталда тұратын елді мекендегі халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында – 1 медициналық бекет ашылды. Мұнда ересектер мен балаларға көрсетілетін амбулаториялық-емханалық медициналық көмек, шұғыл алғашқы медициналық көмек, ересектер мен балаларға көрсетілетін стационарды алмастыратын медициналық көмек, мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және стационарлық медициналық көмек, анестезиология мен реаниматология, нефрология, жалпы терапия, жалпы хирургия, акушерлік және гинекология, невропатология, оториноларингология, эндокринология, педиатрия, жалпы дәрігерлік тәжірибе, кардиология, гастроэнтерология, дерматовенерология, стоматология (терапевтік, ортопедиялық, хирургиялық), офтальмология, травматология және ортопедия, аллергология, пульмонология, онкология, рентгенология, нейрохирургия, медициналық реабилитология, дәстүрлі медицина, урология, трансфузиология, психиатрия, наркология, гематологоя, ревматология, фтизиатрия, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, эксперттік медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, ауруханада балалар мен ересек арасында нысаналы мақсаттағы топта «В», «С» гепатитке, әйелдер арасында жатыр обырына, колоноскоптық әдісімен ересектер арасында тік ішек, тоқ ішек обырларына тексеру, ерлер арасында қуық безі обырына, асқазан, өңеш обырына, бауыр обырына, қан айналым жүйесі ауруларына, су қараңғылыққа, қант диабетіне тексеру жүргізіледі.
Халыққа сапалы қызмет
Қазалы теміржол ауруханасының басты мақсаты – тіркелімдегі тұрғындарға, теміржолшыларға және олардың жанұясына сапалы емдеу профилактикалық медициналық көмек көрсету. Сондықтан, емделуге жатқызу үрдісі реттеліп, емделушілердің қолжетімді медициналық көмек алу құқығы қамтамасыз етілген. Жоспарлы емдеу кезінде ауруханаға жатқызбай, бас тарту жағдайлары жоқ. Ауруханаға науқастар көрсетілімдері бойынша жоспарлы түрде, ауруханаға жатқызу Портал бюросы арқылы қабылданады және тәуліктік стационарға жедел түрде түскен науқастар, оның ішінде, трасса бойында болған жарақаттар, пойыздан түсіріп алған науқастар емделеді, қалған науқастар күндізгі ауруханада емделеді.
Аурухана құрамында бейінді бөлімшелер қызмет атқарады. Хирургия бөлімінде – 15 төсек, оның ішінде, 5 төсек паллиативтік көмек, гинекология бөлімінде – 11 төсек, терапия бөлімінде – 20 төсек, неврология бөлімінде – 10 төсек, балалар бөлімінде – 10 төсек, нейроинсульт бөлімінде – 10 төсек, ерте оңалту бөлімі – 10 төсек, кеш оңалту бөлімі – 12 төсек, реанимация бөлімінде – 9 төсек, ақылы қызмет бөлімінің керует саны – 12 төсек, күндізгі стационарда – 40 төсек, оның ішінде, емханалық – 15 төсек қойылған. Сонымен қатар, параклиникалық бөлімдер – клинико-диагностикалық, бактериологилық, биохимиялық, серологиялық, иммуно-ферменттік зертхана, ПТР зертханасы, функционалдық диагностика жүргізу (рентгенологиялық, рентгеноскопиялық зерттеулер, маммография, рентген, компьютерлік томография, радиоизотоптық диагностика (МРТ), «С-дуга» рентгенодиагностикалық аппарат, доплерография, барокамера, УДТ-диагностика, эхо-энцефаллоскопиялық, фиброгастроскопиялық, эхоэнцефаллографиялық, доплерографиялық зерттеулер), физиотерапиялық бөлім (емдік денешынықтыру, соққылы толқын терапиясы, үгу столы, мойын массажын жасау аппараты, парафин, емдік массаж, емдік тұзды және дәрілік ванналар (10 түрлі), кедр саунасы, су асты массажы, джакузи, мануалдық емдеу, Су-Джок емдеу, барокамера) жұмыс істейді.
Аурухана теміржол көлігі қызметкерлерін профилактикалық медициналық тексерулерден өткізіп, санитарлық-профилактикалық және санитарлық-ағартушылық жұмыспен, зертханалық-диагностикалық медициналық көмек берумен айналысады. Ауруханада жалпы саны – 259 маман, оның ішінде, 64 дәрігер (4 жоғары санатты, 23 бірінші санатты, 19 екінші санатты), 169 орта медициналық қызметкер (3 жоғары санатты, 78 бірінші санатты, 38 екінші санатты), 26 өзге қызметкер еңбек етеді. Жыл сайын жоспар бойынша дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері білімін жетілдіреді. Медицина қызметкерлері уақытылы білім деңгейлерін көтеріп отырады. Базалық реанимациядан 23 адам (оның ішінде, қабылдау бөлімі, жедел жәрдем қызметкерлері және көлік жүргізушілері, реанимация бөлімінің қызметкерлері) кәсіби білімін жетілдірді.
Әрбір жыл бойынша аурухана ұжымы жемісті жетістіктерге жетіп келеді. Соның бірі – нейроинсульт бөлімі. Мақтанышпен айтуға болатын аумақты жұмыстардың біреуі 2016 жылдың 15 ақпанынан бастап, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының 11.02.2016 жылғы №178 бұйрығына сәйкес, аурухананың төсек қоры шеңберінде 24 төсектік нейроинсульттік орталық ашылды. Қабылдау бөлімі нейроинсульттік науқастарды дер кезінде қабылдап, жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар мен құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, тасымалдауға арналған арбалармен және лифтімен жарақталған. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы нейрохирургиялық операциялар жасау үшін дайындалып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 9 төсекке кеңейтілді. Осы заманғы қондырғылармен жабдықталған нейрохирургиялық операциялардан кейінгі қосымша реанимациялық 4 төсектік палата ашылды.
2016 жылдан 10 төсек ерте оңалту бөлімі жұмыс жасауда. 2020 жылдан қосымша 10 төсек кеш оңалту бөлімі ашылып, дәрігер реабилитолог, невропатолог, травматолог, кардиолог, педиатр, психолог, логопед, массажист, емдік дене шынықтыру мамандары инсульттік науқастарына және басқа да науқастарға медициналық қызмет көрсетуде, оңалту бөлімдерінде науқастарға қажетті медициналық құрал жабдықтармен толық қамтылған.
Сонымен бірге, компьютерлік томография аппараты іске қосылды. 2013 жылдан бастап, компьютерлік томография аппаратымен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының халқына қызмет көрсетеді, оның ішінде, ауруханаға бекітілген стационарлық науқастар, мүгедектер, зейнеткерлер, жасөспірімдер, «Батыр ана» орденімен, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған әйелдер және медициналық ұйымдардың жолдамасы бойынша пациенттер тегін өткізіледі. 2021 жылы NeuViz 16 көп тілімді Компьютерлік томография аппараты қосымша алынды. 2024 жылы жаңадан NeuViz 128 көп тілімді Компьютерлік томография аппараты алынып, іске қосылды.
Жедел жәрдем бригадасы жұмысы да қызу атқарылуда. Атап айтқанда, 2019 жылдан тұрғындарға сапалы медициналық қызметін уақытылы көрсету мақсатында 4-категориялы шақыртуларға аурухана қабылдау бөлімінен бір бригада жедел жәрдем ашылды. Қызмет көрсетуге арнайы екі автокөлік бөлінді және де, амбулаториялық деңгейде уақытылы медициналық қызмет көрсетуге үйге шақырту және үй аралау үшін төрт автокөлік бөлінді.
Қазіргі кезде аурухананың травматологиялық қызметі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге дайын және 2016-2017 жылдары жоғары технологиялық мамандандырылған травматологиялық көрсетілген.
Қазалылықтарға медициналық жағдай жасалуда
– Бүгінгі таңда аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсартылған. Барлық бөлімдеріне пластикалық терезелер орнатылып, жергілікті бу қазандығынан ыстық су келуі қамтамасыз етілді. Аурухана газбен жылытылады, ішкі су жүйесі пластикалық құбырларға ауыстырылды. Сондай-ақ, стационар ғимаратының сыртқы қабырғасы плиталармен көмкерілді. Барлық бөлімшелерде ағымды жөндеу жүргізіліп, ем-шара бөлмелерінің едендеріне кафель плиталар төселді. Реанимобиль автокөлігі үшін гараж және көкөніс қоймасы салынды, – дейді Қазалы теміржол ауруханасының директоры Құбыл Ршымбетов.
Оның айтуынша, 2021 жылы шаруашылық бөлімшелерінің ғимаратының (асхана, кір жуу бөлімі, гараж) сырты жаңартылып, пластик терезе салынды. Аурухана ауласына толық асфальт төселді.
2019 жылдан аурухана және емхана жанынан орталықтандырылған су, кәріз, жарық, жылу жүйесімен жабдықталған. Ерлерге және әйелдерге арналған сыртқы қоғамдық әжетхана ашылды.
Аурухана жанынан Алматы ТОО «JD Senim» фирмасымен бірлесіп, келісім шартқа отырып, 2011 жылдан бастап, гемодиализ бөлімі ашылды. Арал, Қазалы, Байқоңыр елді мекендерінен тәулігіне 24-30 науқас ем қабылдауда. Медициналық қызмет көрсетуге Қазалы теміржол ауруханасының мамандары бөлінген.
Бүгінде аурухана дәріханасы барлық қажетті құралдармен жабдықталған. 1998 жылдан 39 түрлі дәрі-дәрмек пен керекті сұйықтықтарды әзірлеуге қол жеткізді. Сонымен қатар, тамшылар, жақпа майлар, ішуге арналған сұйық дәрілерді де әзірлейді. Емханада жанұя медицинасы қағидасы енгізілуде, қызметкерлер жалпы практика дәрігері мамандығы бойынша үздіксіз білім алуда. Атап айтқанда, барлық педиатрлар мен терапевттер 2015 жылы жалпы практика бойынша мамандандырудан өтті. Жалпы, дәрігерлік практика халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсетудің негізгі бөлігі болып табылады. Бұған ұйым қызметінің тиімділігі мен сапасы, еңбек әлеуетінің сақталуы мен артуы, сонымен қатар, жанұя деңгейіндегі медициналық-әлеуметтік мәселелердің шешілуі тікелей байланысты болады.
Емханада жалпы тәжірибелік дәрігер, иммунологиялық кабинет, дені сау бала бөлмесі, балаларға жеке кіруге арналған фильтр, инфекциялық, ПОР, ресурстық орталық кабинеттері жабдықталған. Денсаулық мектептері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №876 бұйрығына сәйкес, диспансерлік есепте тұрған науқастарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін дәріхана ашылуына байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды. БХТ, жүкті және туу жасындағы әйелдер регистрі, онкологиялық науқастар регистрі, емдеуге жатқызу бюро Порталы, «Д» науқастарды электрондық тіркеу, ИСЛО, ЭРОБ, «АИС»-емхана, СУР, КМИС, АПП регистрлері енгізілген.
Ал, аурухана бас дәрігері Айгүл Күлмағамбетова 2021 жылы зертхана бөлімінен қосымша серологиялық зерттеуге маман оқытылып, лицензия алынды және барлық қажетті медициналық аппараттармен жабдықталды дегенді алға тартады.
– Бізде жартылай автоматты коагулометр ТС-4000, Автоматты биохимиялық анализатор, анализатор мочи, химиялық сорғыш шкафы, бинокулярлы микроскоп, центрифуга, инактиватор сыворотки, вакцина сақтайтын мұздатқыш. Бұдан басқа, 2021 жылдың қазан айында ПТР зертханасы ашылды. Мамандар білімін жетілдіріп, куәліктерін алды. Орал қаласының «Санат» Республикалық кәсіби дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс орнында екі апталық білімін жетілдірді, лицензия алынды.
2021 жылдың қараша айында "GEVolusonE10BT20" ультрадыбысты зерттеу аппараты алынды, – дейді Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Айгүл Жанарыстанқызы.
Бас дәрігердің мәлімдеуінше, 2021 жылы МРТ аппаратын алуға қаржысы төленіп, орны дайындалып, мамандар оқытылып, лицензия алынды. МРТ аппараты 2022 жылдын мамыр айынан жұмысын бастады.
2023 жылдың ақпан айынан бастап, емхана бөліміне ЛОР комбайн "XU1Smart" аппараты алынып, 2-санатты дәрігер отоларинголог Қуаныш Тақтаболатұлы жұмыс жасауда.
2023 жылы зертхана бөліміне Автоматты гематологиялық анализатор "МЕК-1305" аппараты алынып іске қосылды, жұмыс жасайтын зертхана мамандары, бөлім меңгерушісі А.Исаева.
2023 жылы жаңадан Ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйе "Logig P" орындау нұсқалары "Р7" аппараты алынды. Жұмыс жасайтын дәрігерлер, Наурызбек Сырымбаев, Индира Опабекова.
2023 жылы реанимация бөліміне Өкпені жасанды желдету аппараты "VG70 BeiJing Aeonmed Cj Ltd" аппараты алынды.
2023 жылы ауруханаға Тәуліктік мониторинг кешені ЭКГ Валента аппараты алынды, жұмыс жасайтын дәрігер Бақыт Айжарыкова.
2023 жылы залалсыздандыру бөліміне Сутегі асқын тотығының төмен температуралы плазмалық стерилизаторы 50 литр ауа компрессоры (медициналық құралдарды ауамен кептіру) аппараты алынып, іске қосылды.
2023 жылы бас дәрігерге "CHEVROLET COBALT" маркалы қызметтік автокөлігі жәнеде Халыққа уақытылы медициналық көмек көрсетуде мақсатында "JAC Sunray (N209G)" маркалы жедел жәрдем автокөлігі алынды.
2023 жылы аурухана асхана бөліміне екі секциялы нан пісіретін газ пеші (бір секцияда 15 нан пісіріледі) алынып, жұмыс жасауда.
2023 жылы арухана бөлімдеріне ішкі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттын сыртқы қабырғасы фасадтық панельмен қапталды.
2023 жылдың маусым айынан бастап, бауыр фиброзының дәрежесін инвазивті емес анықтауға арналған Аппарат "FibroScan 530 Compacr" Фиброскан (бауырды тексеру) аппараты жұмысын бастады. Мамандар білімін жетілдірген. Қарапайым сөзбен айтқанда, фиброскан аппараты тек қана, бауырдың негізгі қызметінің қаншалықты жұмыс жасауын, қатаюын және қаншалықты май басқанын анықтайды. жұмыс жасайтын дәрігерлер Наурызбек Сырымбаев, Индира Опабекова.
2023 жылы Үш өлшемді оптикалық когерентті томографияға арналған құрал, Операциялық микроскоп ОМ-9 жиынтығы, Оптикалық Биометр OA-2000 моделі, TOMEY GmbH, Офтальмологиялық хирургиялық жүйе Centurion Vision System аппараттары алынып, 2023 жылдың 28 шілде айынан бастап, офтальмологиялық ота жасау жұмысы басталды. Отаны бірінші квалификациялық санаты бар дәрігер офтальмолог Берік Жадырасын жасауда. Маман білімін жетілдірген, офтальмологиялық қызметке лицензия бар. 2024 жылдың 15 мамырдан бастап, Қызылорда обласынан дәрігер офтальмолог Мұрат Байхадамовпен бірігіп, аурухана дәрігер офтальмологі Берік Жадырасын алғаш рет көзге «факоэмульсификация катаракты с имплантацией» диагнозымен ота жасалды.
2024 жылы мамыр айында емхана бөліміне жаңадан new Oriental 1000nc медициналық рентгендік радиографиялық құрылғы алынып іске қосылды.
2024 жылы ақпан айында ауруханаға ЭЭГ, ВП және ЭМГ Нейрон-Спектр-4 (компп) зерттеу үшін көпфункционалды ком кешені алынып, жұмыс жасауда. жұмыс жасайтын дәрігерлер Нұрдәулет Балдақов.
Жалпы аурухана – емханаға қатысты индикаторлық көрсеткіштер берілген межеге сай. Емхана жанынан пациенттерге тегін дәрі-дәрмектерді босату үшін дәріхана ашылды. Амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі диспансерлік есепте тұратын науқастарға бөлінетін дәрілік заттар мен аурулар түрлері тізбесінің шеңберінде шешіледі. Амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтылған аудан тұрғындарының саны – 6 372 адам, жазылған рецепт саны – 8726. Дәрілік препараттарға бөлінген қаражаттың игерілуі 6 айға-87 процентін құрайды.
Ковид індетіне қарсы вакцина жасауға емхана бөлімінен екі жерден ашылып, толығымен жабдықталды.
2019-2022 жыл аралығына «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үш жыл мерзіміне аккредиттеуден өтті және 2021 жылдың ақпан айында фокустік тексеруден өтіп, үш жыл мерзімі бекітілді. Екі дәрігер резидентурада оқып, невролог және сәулелі диагностика дәрігері 2021 жылдың тамыз айында жұмысқа қосылады. Аурухана дәрігер кадрларын дайындауда өз үлесін қосуда. Атап айтқанда, аурухана есебінен бес маман (невропатолог, отоларинголог, терапевт, гинеколог) оқытылып шығарылды. Бір дәрігер кардиолог мамандығы бойынша бітіріп шыққалы отыр.
Аурухананың даму тарихында 1991-2021 аралығында басшылық еткен бас дәрігерлер: Қаражан Санызбаев 1939 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде туған. 1962-1969 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Еңбек жолын 1969 жылы Қазалы теміржол ауруханасының дәрігер терапевті ретінде бастаған. 1970-1979 аралығында осы аталған аурухананың емхана бөлімінің меңгерушісі. 1979-1980 аралығында бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары. 1980-1994 аралығында осы аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған. Бас дәрігер Қаражан Сансызбаев тұсында жаңа емхана, 60 орындық перзентхана жоспарланып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Қазалы локоматив депосында тәулік бойы физиотерапиялық бөлім ашу ісі қолға алынып, теміржолшылардың өндірістен қол үзбей ем алуына мүмкіндік туғызылды. Қаражан Сансызбайұлы Сансызбаевтың 33 жыл медицина саласында елеулі қызмет атқарып, оның ішінде, 14 жыл аурухана іскер басшы ретінде қызмет атқарғанын елеп, елдің әлеуметтік дамуына қосқан үлесін келешек жастарға үлгі ету мақсатында Әйтеке би кентінен көше атауы берілді.
1994 жылдың тамыз айынан бастап, Қазалы теміржол ауруханасының басшысы – Құбыл Ршымбетов. Құбыл Ршымбетов, 1948 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, осы оқу орнының емдеу ісі факультетін 1973 жылы бітіріп шыққан. Осы жылы Қазақ теміржолына қарасты Жамбыл теміржол ауруханасында біржылдық интернатурадан өткен. 1974 жылы Қызылорда теміржол ауруханасына жолдамамен жұмысқа орналасқан. 1974 жылдан 1977 жылға дейін осы ауруханада дәрігер терапевті қосымша инфекция бөлімінде бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған. 1977 жылдың қаңтар айынан бастап, Қазалы теміржол ауруханасында дәрігер терапевт қосымша дәрігер инфекционист қызмет атқарды. 1979 жылы Қазалы теміржол ауруханасына бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды. 1994 жылдың тамыз айынан 1997 жылдың ақпан айы аралығында осы аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған. 1997 жылдың ақпан айымен қыркүйек айы арасында Қазалы орталықтандырылған аудандық ауруханасының бас дәрігерінің қызметін атқарды. 1997 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері қызметін осы уақытқа дейін атқарып келеді. Қазіргі қызмет атауы директор Құбыл Ршымбетов 48 жыл халық денсаулығын сақтауда үздік қызмет атқаруда. Оның ішінде, 27 жыл іскер басшы қызметінде, ұйымдастыру жұмысының үздігі. Бүгінге дейін жұмыс барысында, қабілеті жоғары ұйымдастырушы, өз ісінің білікті маманы екенін көрсете білді. Ол жаңа типтік аурухана құрылысының толық аяқталуына, және ауруханаға қажетті медицина саласындағы озық үлгідегі аппаратуралармен жабдықтауға тікелей септігін тигізді.
2007-2012 жыл аралығында УЗИ, плазмаферез, лазер аппараттары, гастрофиброскоп, «Барокамера», «Маммография», ультрадыбысты доплерограф, Электрокардиограф «ЭК-3Т-01-«Р-Д»» «Россия», анықтаушы процессор, ВС-3000 Автомат гематологиялық анализатор, ИФА аппараты, ВА-88 Жартылай автоматты биохимиялық анализатор, эндовидеолапаротомия, офтальмоскоп. 2013 жылы КТ және «С-дуга» рентген аппараты. 2020-2021 жылдары қосымша: Залалсыздандыру бөліміне - Стерилизатор ВКа-75ПЗ, Ауа стерилизаторы ГП-80-Ох-Пз «Ресей». Гинекология бөліміне – Видеокальпоскоп СЗ, жоғары жиілікті электрохирургиялық аппарат ЭХВЧ-80 «Фотек». Дәріханаға - Медициналық электрлік аквадистиллятор. Емхана бөліміне – «Жеңіс» рентген флюорографиялық сандық аппараты, NeuViz 16 қайта қолданылатын КT сканерлеу жүйесі, CR AG рентген және маммографиялық бейнелерін диагностикалауға және мұрағаттауға арналған цифрлық аппарат, TPS-IIM стоматологиялық термиялық инжекциялық қондырғы, Рентгендік жалпақ панельді сандық Детектор, Ауа Компрессор Ajax 220k 50 л, термопринтері бар отоакустикалық эмиссияны тіркеудің портативті құрылғысы, Ajax AJ11 стоматологиялық қондырғысы. Қабылдау бөліміне - Он екі арналы Электрокардиограф, Электрлік Аквадистиллятор Liston A1210. Реанимация бөліміне- Функционалды кереует 9 дана. Физиотерапиялық бөліміне - Дененің жоғарғы және төменгі бөліктеріне арналған Тренажер HJ-086А 2 дана, Велотренажер hj-088А 2 дана. Хирургия бөлімінің ота жасау бөліміне - Анестезиологиялық жұмыс станциясы Fabius Tiro ASBL-0063 диагностикалық аппараттары көмек көрсету үшін ішкі резервті пайдалана отырып, су мен емдейтін бөлім ашты. 2021 жылы 2-тоқсанда реанимация бөліміне екі үлкен- кіші ота залдарына орталықтандырылған өттегі қосылды. бардық қосымша жабдықтарымен екі функционалдық керует алынды. Рентген аппаратқа оцифровщик аппараты қосылды. Жаңа типті стоматологиялық құрылғы пайдалануға берілді. Және де аурухананың барлық бөлімдерінің үй жайларына ішкі-сыртқы ағымдағы жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізіп отырады. Жақында ауруханаға «Барокамера» алынды.
Құрметке бөлеген еселі еңбек
Аурухана директоры Құбыл Ршымбетов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 10 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалімен, 2004 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2012 жылы «За добросовестный труд и личный вклад в дело обеспечения медицинской помощи» төсбелгісімен, 2013 жылы «Шапағат» медалімен, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, 2015 жылы Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің «Сыр медицинасының үздігі» медалімен, 2016 жылы Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар және атақтар жөніндегі комитетінің шешімі бойынша «Қазақстанның Құрметті азаматы» орденімен марапатталды (ордендер беру туралы "Қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі комитеттің" 17.12.2016 ж. № 1 шешімінен № 89 үзінді). 2019 жылы Қазалы аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кеңесі көп жылғы қоғамға сіңірген еңбегі үшін «Қазалы ауданының «Құрметті ардагері» медалімен марапатталды (тіркеу №014 тамыз 2019). 2019 жылы Қазалы аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымы «Көп жылғы қоғамға сіңірген еңбегі үшін» Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» медалімен марапатталды. 2019 жылы Қызылорда облыстық ардагерлер Кеңесінің Алқа мәжілісінің қаулысы бойынша «Қызылорда облысының құрметті ардагері» медалімен марапатталды. (тіркеу №029 01.10.2019ж). 2020 жылы тиімді басшылық, кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейі және кәсіпорынның табысты даму стратегиясын іске асырғаны үшін «Кәсіби танылу» орденімен марапатталды (куәлік №281 2020 жылғы 09 маусымдағы кәсіпорындар рейтингісінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бизнес рейтингін ұйымдастыру комитетінің шешімі). 2020 жылы "Ұстаз жолы" қоғамдық қорының Алғыс хатымен марапатталды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2021 жылы Қазалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халық аралық Қазақ шығармашылық Бірлестігінен «АТАТҮРІК» медалінің иегері (куәлік №020 23.06.2022). 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. 2023 жылы Қызылорда облысының әкімінің және Қызылорда облыстық маслихат төрағасының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды. 2023 жылы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің атынан «Құрмет белгісі» төс белгісімен марапатталды. 2023 жылы Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының атынан «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды (19.04.2023 №25 п.33 атқару комитетінің қаулысы). 2023 жылы Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазалы ауданының 95 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталады».
Майталман мамандар тоғысқан мекеме
Ерекше тер төккен дәрігерлер еңбегі де зор. Аурухананың даму тарихында көптеген бас дәрігерлер алмасты. А.Заколодкин, Глушко, Е.Степанова, Б.Есмагамбетова, Ж.Қазмағамбетов, В.А.Лим, Қ.Сансызбаев.
Көп жылдар бойы медицина саласында еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан дәрігерлер – А.Сейсенов, Г.Канатова, А.Жұбатов, А.Тлекешова, Қ.Б.Сәрсенбаев, Қ.О.Каликов Қ.К.Еспаев.
Ауруханада еңбек ететін тәжірибесі мол мамандар – Ж.Б.Елеуов, Е.Т.Дәрібаев, С.А.Ахмет, Ш.Байбазарова, Ш.Медетбаева, Б.Айжарыкова, А.Кулбаева, Ж.Досбергенова, бұл кісілердің есімі теміржолшылардың арасында ғана емес, бүкіл халыққа белгілі. Мекеменің есеп бөлімін жүргізетін бас есепші – К.К. Жақсылықова.
Аурухана директорының жанында ұйымдастыру жұмыстарына қолқабыс болып жүрген орынбасарлары: С.А.Адаев - директордың ішкі аудит жөніндегі орынбасары. 2012 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» Омырау белгісімен марапатталды. Бірінші санаттағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер.
А.А.Дәрібай - директордың емдеу жөніндегі орынбасары. 2002 жылы «Денсаулық жылы» қорытындысымен, А.А.Дәрібай «Ерен еңбегі үшін» медалымен мараматталды. Жоғарғы санаттағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер. Медицина саласында елеулі қызметтерінің арқасында, төмендегі аталған мамандар медаль, төс белгісі, құрмет грамотасымен марапатталды:
Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Дәрібай ҚР Президентінің Жарлығы бойынша 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» мерекелік медалімен, акушер-гинеколог Қазбек Көшерұлы Еспаев ҚР Президентінің Жарлығы бойынша 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Хирург Ж.Б. Елеу, С.Ахмет, рентгенолог Е.Т.Дәрібай, терапия бөлімінің меңгерушісі Б.Айжарыкова, педиатр Ш.Байбазарова, провизор К.Ж.Қарабала, расчеттік есепші Ф.Сырымбаева, материалдық есепші А.Тұрманова, кадр бөлімінің инспекторы М.Кужанберлина, бас мейірбике У. Жумабаева, ота жасау бөлімінің мейірбикесі Ә.Салмұрза ҚР Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы №299 бұйрығы негізінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне – 20 жыл» мерекелік медаліне ие болған. 2009 жылы анестезист Е.К.Андреади, 2010 жылы отоларинголог К.У.Каликов, бас мейірбике С.Орманова, 2011 жылы директордың емхана жөніндегі орынбасары С.А.Адаев, офтальмолог Б.Жадырасын, аймақтық, терапия бөлімінің мейірбикесі С.Досанова, 2015 жылы гинекология бөлімінің мейірбикесі У.Далекенова ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталса, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен 2011 жылы аймақтық педиатр А.А.Кульбаева, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Дәрібай, 2012 жылы филиал директоры Құбыл Ршымбетов,акушер-гинеколог К.К Еспаев, бас есепші К.К. Жаксылыкова мадақталған. А.А. Дәрібай «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», С.А.Адаев, Ж.Б.Елеу, Ш.Байбазарова «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін иеленген. "Халық алғысы" мерекелік медалімен Жалпы тәжірибелі дәрігер П.Ү.Рзалиева, ЖҚР Ұлттық бизнес рейтингтер одағынан - "Сала мақтанышы" орденімен реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Ж.С.Қуанышбаев, «Кәсіби салымы үшін" медалімен кадрлық персоналдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы М.Кужанберлина, «Үздік маман» сертификатымен – нейроинсульт бөлімшесінің меңгерушісі Т.А.Жиенкулов, «Ерекше еңбегі үшін Алғыс" атаулы дипломымен терапия бөлімшесінің меңгерушісі Б.Ш.Айжарыкова, «Жыл маманы» атаулы сертификатымен дәрігер офтальмолог Б.Б.Жадырасын, дәрігер отоларинголог Қ.Тақтаболатұлы, «Жыл экономисі» атаулы сертификатымен У.М.Кунбергенов, «Жыл бухгалтері» атаулы сертификатымени А.К.Турманова, «Знак почета» медалімен эпидемиолог С.Ердалиев, дәрігер уролог Е.Е.Жасанов, тауарлар мен қызметтерді Коммерциялық сатып алу бөлімінің маманы Е.Р.Ршымбетов. "Қазақ батыры" және "Ұрыс қимылдарының ардагері" төс белгілерімен көлік жүргізушісі Ж.С.Култанов марапаттарды иеленген.
«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алынған марапаттары баршылық. Атап айтқанда, 2010 жылы "Қазақстандағы 2010 жылғы №1 әлеуметтік – жауапты жоба" номинациясы бойынша лауреат болып танылды. 2019 жылы Қазалы ауданы әкімінің дипломымен марапатталды.
2019 жылы ҚР Ұлттық бизнес рейтингісінен "Медицинадағы Сала көшбасшысы" атағымен марапатталды. 2021 жылы ҚР Ұлттық бизнес рейтингісінен "Денсаулық сақтау мақтанышы" құрметті атағымен марапатталды. 2021 жылы ҚР Ұлттық бизнес рейтингісінен Қазақстандықтардың игілігі үшін тиімді еңбегі үшін "Алғыс" жариялады.
Аурухананың жұмысы туралы бұқаралық ақпаратар жарияланды. Яғни, 2013 жылы "Ресейдің, Қазақстанның, Украинаның, Беларусьтің үздік адамдары, табысты адамдары" атты үлкен халықаралық энциклопедияға енгізілді. 2016 жылы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 25 жыл" кітабына енгізілді. 2017 жылы "Қазақстан-біздің жетістіктеріміз" журналына енгізілді. 2018 жылы "біз-ХХІ ғасыр жаңа өмір сапасы" журналына енгізілді. 2018 жылы "Қазақстан медицинасының қолжазбасы" кітабына енгізілді. 2019 жылы "ALTYN KITAP" кітабына енгізілді. 2019 год занесены в журнал "2019 лучший казахстанский". В 2021 году внесены в книгу "Сыр медицина за годы независимости". 2022 жылы «Үздік адамдар» атты үлкен халықаралық энциклопедияға енгізілді. "Жыл компаниясы – 2023" мәртебе-марапаты берілді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА