Kyzylorda-news.kz Өңірдегі медициналық ұйымдарда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерімен кездесулер өтуде. Сарапшылар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді, жаңа шарттар бойынша Қормен өзара іс-қимыл тәртібін түсіндіріп, МӘМС жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Басты мақсат – халықты МӘМС жүйесімен кеңінен қамту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.
Қор филиалы директорының орынбасары Жұпар Алхожаеваның айтуынша, 2026 жылдан бастап енгізілетін бірқатар өзгерістер ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді:
8 әлеуметтік мәні бар ауру бойынша диагностикалық тексерулер;
Амбулаториялық диализ;
Жоғарғы асқорыту жолдарының, қалқанша безі, жүрек-қан тамырлары және генетикалық аурулар сияқты 12 түрлі созылмалы ауру бойынша амбулаториялық және стационарлық қызметтер;
Онкологиялық скринингтер - МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін.
Сондай-ақ, кездесу барысында медициналық этика, беделді басқару, пациенттермен кері байланыс және тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Фото: freepik