Kyzylorda-news.kz  Бүгінде саламатты өмір салтын қалыптастыруда адам денсаулығын барынша жақсарту – барынша маңызды рөл атқарады. Бұл ретте, медицинаның урология-андрология бағытында елеулі жұмыстар жүргізілуде. Сырдария аудандық ауруханасының білікті дәрігері Аян Қуатов осы бағыт бойынша 3 жылдан бері еңбек етуде.

Негізінен, уролог-андролог дәрігердің айтуынша, аудан көлемінде мектеп жасындағы және егде тартқан жандарда урологияға қатысты сырқат түрлері жиі байқалатын көрінеді. Дәрігер Аян Асқарұлы дер кезінде емделушінің сырқатын анықтап, дұрыс диагноз қойылуына барын салады. Сонымен қатар «Хирургия» бөлімшесінде аудандық ауруханада жасауға болатын оталарды жүргізеді. Таңертеңгілік уақытта емханада емделушілерді қабылдаса, түстен кейін «Хирургия» бөлімшесіндегі науқастардың денсаулығын мұқият қадағалайды.

Жалпы, жас дәрігер 1993 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейді бітірген. Сонымен қатар 2011-2018 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттиік медицина университетін тәмамдаған. Ал 2018-2021 жыл аралығында Алматы Агиув университетинде уролог-андролог мамандығы бойынша резиндентура оқыған. Аян Асқарұлы 2017 жылы өмірлік жары Фариза Қуатовамен бірге отау құрған. Оның зайыбы да, гинеколог дәрігер. Екеуі отбасында 2 қызғалдақты тәрбиелеп отыр.

– Медицинада урология-андрология саласы тек ғана ерлерді қарап қана қоймайды. Дәрігерлер нәзік жандыларда кезігетін кейбір ауруларды емдеуге күш салады. Көбіне ауылдық жерлерде әйел заты бізге келуге ұялып жатады. Мұндайда біз дерттің алдын алу үшін түсіндірме жұмысын жасаймыз, – дейді білікті дәрігер.

Тағы да оқыңыз: