Kyzylorda-news.kz Мамандықтың ішіндегі ерекше мейірімдісі, әрі мәртебелісі – медбике екені айқын. Мәртебелі қызметте жүріп, өзіндік ұстанымынан таймайтын Ләззат Сырмаханова ақ халатты абзал жан ретінде емделушінің зор ризашылығына бөленген.
Әрине қоғамға қажет мамандық иесі атануда медбикенің бойында адалдық пен асқан жауапкершілік болуы тиіс. Осындайда тәжірибелі маманың әрбір ісінен тек тиянақтылықты аңғаруға болады. Негізінен, сала маманы 1975 жылы Шаған ауылында дүниеге келген. Елді мекендегі мектепті бітірген ауыл қызы Қызылорда қаласында медицина мамандарын дайындайтын іргелі оқу орнында білімін жетілдіреді. Жалпы, жас маман ретінде қолына дипломын алған оның алғашқы еңбек жолы өзінің туған ауылындағы ауруханадан басталады.
Өз кезегінде тәжірибелі медбике Сырдария аудандық ауруханасының «Балалар» бөлімшесінде, «Турберкулезге қарсы күрес ауруханасында еңбек етеді. Ол – бір жылдары аға аяжан болып, «Балалар» бөлімшесін жұмысына жауапкершілік танытса, бүгінде «Жұқпалы аурулар» бөлімшесінде сол үдеден көрініп, еңбегімен даралануда.
Айта кетейік, кішіпейілділікпен науқас жанның сырқатын емдеуге үлес қосатын Ләззат Сырмаханова – 4 перзенттің анасы.