МӘМС: Жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің толық пакетін алуға құқылы – Kyzylorda News
Басты бет

МӘМС: Жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің толық пакетін алуға құқылы

23.04.2021, 18:15

434 0

Kyzylorda-news.kz.  Жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде азаматтардың жеңілдікке ие санаты ретінде сақтандырылғандықтан, қымбат диагностикалық зерттеулер мен тегін медициналық көмектің толық пакетін алуға құқылы. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жүкті әйелдерді тексеру аясында 300 мыңнан астам биохимиялық скрининг, 522 мың УДЗ, 4617 инвазивті пренатальды диагностика қызметі, оның ішінде молекулалық цитогенетикалық зерттеулер, 83 мың генетиктердің консультациялары өткізілді деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет алу үшін жүктіліктің он екі аптасына дейін өзі тіркелген емханаға  медициналық есепке тұруға міндетті.

Аяғы ауыр әйел жүктілігін сақтағысы келіп, емханаға бірінші рет жүгінген кезде акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік    дәрігер (бұдан әрі – ЖТД) немесе алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының учаскелік терапевті:

1) анамнезді жинайды, жүкті әйелде және туыстарында аурулардың (қант диабеті, артериялық гипертензия, туберкулез, психикалық бұзылулар, онкологиялық аурулар және т. б.) болуын, туа біткен даму кемістіктері және тұқым қуалайтын аурулары бар балалардың тууын анықтайды;

2) бала кезінде және ересек жаста болған ауруларға (соматикалық және гинекологиялық), операцияларға, қан мен оның компоненттерін құюға назар аударады;

3) анамнезді жинау кезінде «Медициналық генетика» мамандығы бойынша дәрігерге жіберу үшін туа біткен және тұқым қуалайтын патология бойынша (ультрадыбыстық скринингсіз және аналық сарысу маркерлерін талдаусыз) мынадай айғақтарға сәйкес «қатер» тобын анықтайды: жүкті әйелдің жасы 37-де және одан асса, анамнезінде генетикалық айғақтар бойынша жүктілікті үзу және/немесе ДПР немесе хромосомалық патологиясы бар баланың тууы, моногенді тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан баланың тууы, хромосомалық немесе гендік мутацияның тұқым қуалауы, ауыр акушерлік анамнез (өлі туу, әдеттегі түсік түсіру және басқалар);

4) жүктіліктің бірінші  үш айлығында аналық Сарысу маркерлерін талдау үшін жүкті әйелдерді қан алуға жібереді және жүктіліктің бірінші, екінші және үшінші айлықтарында ультрадыбыстық скринингті тағайындайды;

5) ұрпақты болу функциясының ерекшеліктерін зерделейді;

6) жұбайының денсаулық жағдайын, қан тобын және резус тиістілігін нақтылайды;

7) ерлі-зайыптылар жұмыс істейтін өндірістің сипатын, зиянды әдеттерді зерделейді;

8) уақтылы зерттеп-қарау үшін жүкті әйелдерді 12 аптаға дейін ерте есепке қоюды және жүктілік анықталған күні тіркеуді жүзеге асырады;

9) жүктілікті көтеруге қарсы көрсетілімдердің болуын анықтайды;

10) жүкті әйелдер тіркелімінен және ФЖӘ-дан алдыңғы жүктіліктің барысы және бұрын анықталған соматикалық аурулар туралы ақпарат алу мүмкіндігін пайдаланады.

11) анықталған факторларды ескере отырып, жүктілікті жүргізудің алдын ала жоспарын жасайды.

Тексеру нәтижелерін алғаннан кейін:

1) қауіп факторларын ескере отырып, жүкті әйелдің қандай да бір топқа жататындығы айқындалады.

2) тәуекел факторларын ескере отырып және ана мен ұрықты тексерудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалана отырып, жүкті әйелді байқаудың жеке жоспары жасалады.

3) ресімделеді:

– жүкті және босанған әйелдің жеке картасы дәрігердің бақылау жазбаларына арналған медициналық құжаттама

– жүкті әйелге алғашқы барған кезде берілетін және бақылау орнына және басқа медициналық ұйымдарға ұсыну үшін жүктілік кезінде оның қолында болатын алмасу картасы.

Жүкті әйелді босанғанға дейін (физиологиялық) бақылау бағдарламасы қалыпты жағдайда 7 рет  келуді қамтиды:

Алғаш келген кезде әйел мына  зерттеулерге жіберіледі:

  • жалпы қан және зәр талдауы;
  • дене салмағының индексі 25.0-ден жоғары болған кезде қандағы қант;
  • қан тобы және Rh факторы;
  • бак. зәрді талдау;
  • онкоцитологияға жағынды;
  • АИТВ-ға ИФТ және гепатит маркерлері;
  • Вассерман реакциясы;
  • биохимиялық генетикалық маркерлер.
  • бірінші УДЗ скринингі.
  • босануға дайындық мектебіне бару, отбасы өкілімен маманға бару ұсынылады.

Екінші рет қаралу, әдетте, жүктіліктің 16-20 аптасында тағайындалады. Акушерлік тексеру, ақуызға зәр анализі және екінші ультрадыбыстық скрининг жүргізіледі.

24-25 апта мерзімі ішінде жүкті әйел зертханалық зерттеулерге жіберіледі (ақуызға зәр анализі, қанның резус-теріс факторы бар антиденелер), алдын-алу шараларын тағайындайды.

30-32 апта мерзімі ішінде  акушер-гинеколог жүкті әйел мен ұрықтың жалпы жағдайын бағалайды. Осы уақытта пациент Вассерман реакциясын, ЖИТС-ке ИФТ, ақуызға зәр анализі және жалпы қан анализін тапсырады. Осы кезеңде босанғанға дейінгі демалыс беріледі.

Жүкті әйелдің келесі келуі 36 апта ішінде тағайындалады. Акушер-гинеколог жүкті әйелдің және ұрықтың жалпы жағдайын бағалайды. Босанудың болжамды мерзімі нақтыланады.

Алтыншы кеңес әдетте босанғанға дейін 38-40 аптада жасалады. Акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігері (бұдан әрі – ЖТД) немесе алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының учаскелік терапевті де ықтимал асқынулардың профилактикасын жүргізеді және қажет болған жағдайда жүктілікті жүргізу жоспарын түзетеді, артериялық қысымды өлшейді, сыртқы акушерлік тексеруді жүргізеді, жатырдың биіктігін өлшейді, ақуызға зәр анализіне жібереді.

Жүктілікті бақылау кезінде жалпы тәжірибелік дәрігері (бұдан әрі – ЖТД) немесе алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының учаскелік терапевті және учаскелік акушер жүкті әйелге үйде патронаж жүргізеді.

Жүктіліктің өтуі асқынған жағдайда келушілер саны мен клиникалық-диагностикалық зерттеулерді шектеусіз жүргізудің жеке жоспары жасалады.

Егер пациент скринингтердің кез келгеніне емханаға тағайындалған күннен кейін үш күн ішінде келмеген жағдайда, оны үйде тонометр, термометр және стетоскоп болуы тиіс акушер немесе мейіргер патронажға алады.

МӘМС туралы Заңның 26-бабына сәйкес жұмыс істемейтін жүкті әйелдер де жарналарды төлеуден босатылғанын қосымша хабарлаймыз. Бұл тұлғаларға жеңілдік мәртебесі ҚР ДСМ АЖ есепке қойылғаннан кейін беріледі.

Жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  ҚР Кодексінің 81-бабымен айқындалады.

0

Пікір қалдыру