Kyzylorda-news.kz Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған мәртебесін қалай қалпына келтіруге болады, медициналық сақтандыру бойынша психологтың кеңесін алуға болады ма? Осы және өзге де сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова жауап берді.
Менің ЖШС бар, қазір одан табыс көзі жоқ. Бірақ менде төленбеген айлар қалды. Осы кезең үшін төлемді дербес төлеуші ретінде төлей аламын ба?
Егер азамат ЖШС құрылтайшысы болып табылса, онда ол дербес төлеуші ретінде ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарналарды төлейді (2024-2025 ж.ж. әр ай үшін 4250 теңгеден). Егер ол осы ЖШС қызметкері болса (мысалы, директор), онда ол ретінде 2% жарна және 3% аударымдар жасауы қажет.
Мен жұмыс істеймін, бірақ емханаларға барған кезде МӘМС-те мәртебем жоқ екенін білдім, дегенмен ұйым барлық төлемдерді уақытында жасайды. Мен екі ай ауруханада болған кезде жарналар бойынша алшақтық пайда болды. Мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек?
Егер қызметкер бір айдан астам уақыт еңбекке жарамсыз болған кезде, жұмыс беруші әдетте жұмыс күндері болған айда төлемдер жасайды. Еңбекке уақытша жарамсыздықтың келесі кезеңінде қызметкер табыс алмайды, сондықтан салық салынатын базаның болмауына байланысты міндетті төлемдер жүргізілмейді. Осы кезеңде берешек туындауына жол бермеу үшін қызметкер МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде төлеуі қажет.
МӘМС аясында психолог көмегін алуға бола ма?
Психологиялық немесе психотерапиялық кеңес – мамандандырылған медициналық көмектің бір түрі. Бұл көмек нақты диагностика мен емдеуді, медициналық оңалтуды қажет ететін ауруларда, сондай-ақ телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсетіледі.
Пациент психолог қызметін өз емханасы деңгейінде келесі бағыттар бойынша ала алады:
• психологтың қабылдауы;
• балалар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша сабақтар өткізу;
• мінез-құлықтық және психобелсенді бұзылыстарға күдік туған жағдайларда қабылдау;
• әлеуметтік бейімделу, жас ерекшелігіне сай қиындықтар бойынша кеңес беру;
• созылмалы аурулары бар пациенттерге өзін-өзі басқару тәсілдерін үйрету;
• жүкті әйелдерге, жасөспірімдерге және жастарға Жастар денсаулық орталықтарында қызмет көрсету.
Психологтың консультациясы ТМККК, МӘМС жүйесі аясында да қолжетімді.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі қанша уақыттан кейін беріледі?
Егер барлық шарттар орындалса:
• Алдағы 12 ай үшін төлем жасалса (ағымдағы айдан бастап)
• Барлық 12 айдың төлемі бір күнде төленді
«Сақтандырылған» мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі.