Kyzylorda-news.kz Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Онлайн/офлайн форматта өңірдегі жүйелік маңызы бар кәсіпорындар мен екінші деңгейлі банктер, «Қазпошта» АҚоблыстық филиалының ұжымдарымен өткен кездесулерде сарапшылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің бағыттары, қағидаттары мен артықшылықтары туралы түсініктеме береді.
Атап айтқанда:
- ТМККК (тегін медициналық кепілдендірілген көмек) және МӘМС медициналық пакеттері туралы;
- МӘМС жарналары мен аударымдарын қалай дұрыс төлеу және қате төленген қаражатты қайтару тәртібі туралы;
- МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесін қалай тексеруге болады;
- МӘМС жарналарын және аударымдарын қалай төлеуге болады;
- МӘМС мәселелері бойынша кері байланыс арналары жөнінде мәліметтер беріп отырды;
- Кездесулер барысында Қор филиалының мамандары қызметкерлердің сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Айта кетейік, МӘМС жүйесі туралы толығырақ ақпаратты Қордың ресми сайты – msqory.kz және Қор филиалының ресми парақшасы – msqory_kzo арқылы білуге болатынын хабарлап отырады.