Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған және Шиелі аудандарында МӘМС мәселелері бойынша халықпен кездесу өтеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары аудандарда МӘМС мәселелері бойынша консультациялар өткізуді жалғастыруда. Халықпен келесі кездесулер ағымдағы жылдың 10 наурызында өтеді.

Жаңақорған кентіндегі кездесу сағат 09.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтеді. Кездесуге Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Б.Нұриинов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Исмаханбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Шайымбетов, Жаңақорған аудандық ауруханасының бас дәрігері С.Усейнов қатысады.

Шиелі кентіндегі сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтеді. Шиелі ауданындағы кездесуге аудан әкімінің орынбасары Б.Смағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Исмаханбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Шайымбетов, Шиелі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г.Құрманғалиева қатысады.

Тағы да оқыңыз: