Kyzylorda-news.kz «Еңбек» бағдарламасы бойынша уақытша жұмыс істейтін жұмысшыларға жұмыс беруші МӘМС-ке жарна төлей ме деген сұраққа қор қызметкерлері жауап берді. 

«МӘМС туралы» Заңның 26-бабына сәйкес азаматтардың 15 жеңілдік санатына жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар кіреді. Бірақ егер Сіз жұмысқа тұрып, қызметкер болсаңыз, онда Заңның 14-бабына сәйкес жұмыс беруші Сіз үшін ай сайын МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлеуге міндетті.

2024 жылы жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін аударымдары 3%-ды құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 3%-ы болып саналады.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2024 жылы табыстарының 2%-ын құрайды. Жарнаның ең жоғары сомасы 17 000 теңгені құрайды. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 2%-ы болып саналады.

Фото:  infoportal

Тағы да оқыңыз: