Kyzylorda-news.kz Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне диспансерлік есепте тұрған азаматтардың бірқатар созылмалы аурулары бойынша бақылау мен емдеу енгізілді.

Бұл тізімге келесі ауру түрлері кірді: 

  • қант диабеті;
  • балалардың церебралды сал ауруы;
  • дәнекер тіннің жүйелі аурулары;
  • ревматизм;
  • артериялық гипертония;
  • жүректің ишемиялық ауруы және өзге де жүрек аурулары
    (жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылыстары);
  • төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары.

Бүйрек аурулары, оның ішінде гломерулярлық аурулар, созылмалы бүйрек ауруы; 

  • ас қорыту жүйесінің аурулары;
  • сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары.

Бұл диагноздары бар адамдарға амбулаториялық және стационарлық жағдайларда, соның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, қымбат дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, барлық қажетті ем түрлерін алуға мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: