Kyzylorda-news.kz Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді.

Алдымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Ауруханада бір ауысымда 400 адам жұмыс істейді. Ғимарат 1989 жылы салынып, пайдалануға берілген. Өткен жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. «Абу-Сер» ЖШС қазір жұмыстың 45%-ын орындаған. Нысан 2025 жылға өтпелі.

Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Орталық ғимаратының қабырғалары күйдірілген қыштан салынған, 1973 жылы пайдалануға берілген. Жоба-сметалық құжаттамасы 2022 жылы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. «СМП-Қызылорда» ЖШС жұмысты 85% аяқтаған.

Келесі нысан – облыстық онкология орталығы. Мекее 2021 жылы салынған, 185 төсек-орынға арналған бұрынғы модульдік-инфекциялық аурухана ғимаратына орналасқан. Мұнда 350 қызметкер жұмыс істейді.

Облыстық фтизиопульмонология орталығында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бес қабатты, 235 төсек-орынға арналған ғимарат 1981 жылы салынған. «Асар» ЖШС алдағы жылға өтпелі жөндеу жұмыстарының 60%-ын аяқтаған.

Нысандардағы жұмыс барысын көрген аймақ басшысы күрделі жөндеуге қойылатын ең басты талап – сапа екенін атап айтып, бірқатар тапсырма берді.

«Жұмыс барысындағы кемшіліктерді түзетуге екі апта уақыт беріледі. Сол мерзім ішінде тапсырма орындалмаса, жауапты сала басшыларына, қабылдап алушыларға шара көріледі.

Аталған ғимараттарды күрделі жөндеу ем алушыларға кәсіби, заманауи медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру үшін қолға алынды. Қаржысы шешілді, міндеттер айқындалды. Бүгін байқалған сапасыз жасалған тұстарды мердігерлер екі жұмыс қылып қайта түзейді. Егер жұмыс қорытындысы талап үдесінен шықпаса, заң аясында шара қолданылады.

Онкология орталығындағы медициналық құрал-жабдықтар халыққа толыққанды қызмет көрсетуі тиіс. Олар сатып алынғандағы басты мақсатына сай пайдаланылуы керек, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

акимат 1.jpgакимат 2.jpgакимат 3.jpgакимат 4.jpg

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі         

Тағы да оқыңыз: